Marcus & Martinus (, кейде M&M лақап атымен танымал, шынайы есімдері — Маркус Гуннаршен () және Мартинус Гуннаршен (); 21 ақпан 2002, Эльверум, Хедмарк, Норвегия) — ұқсас егіз ағайынды бауырлардан құралған норвегиялық дэнс-поп дуэті. 2012 жылдан бері дуо бес студиялық альбом шығарды: «Hei», «Together», «Moments», «Unforgettable» және «The Room». 2024 жылы «Eurovision 2024» ән байқауында «Unforgettable» әнімен Швеция атынан өнер көрсетіп, 9-орынды иеленді. Ән байқауы 2024 жылдың мамыр айында Швецияның Мальмё қаласында орын алды.
Мансаптары thumb|right|300px|Маркус және Мартинус Melodifestivalen 2023 ән байқауында өнер көрсетуде. thumb|right|300px|Маркус және Мартинус Melodifestivalen 2024 ән байқауында жеңіске жетті. 2012: Дебют және Melodi Grand Prix Junior 2012 жылы Маркус және Мартинус «Melodi Grand Prix Junior» байқауының он бірінші маусымының қатысушылары болды. Байқау Норвегияның Осло қаласындағы «Oslo Spektrum» аренасында өтті және оны Маргрете Рёд пен Tooji жүргізіп, Norwegian Broadcasting Corporation (NRK) тікелей эфирде көрсетті. Олар «To dråper vann» () әнімен байқауда жеңіске жетті.NRKSuper: Moro med tvillingbesøk (in Norway). Ән Норвегиялық синглдер чартында сегізінші орынға жетті.
2015—2016: Hei және Together 2015 жылдың 23 ақпанында олар өздерінің «Hei» () дебюттік студиялық альбомын шығарды. Альбом 35 апта бойы чартта болған соң 2015 жылдың 46-аптасында (15 қараша 2015 жыл) Норвегиялық альбомдар чартында 1-орынға шықты, соңғы 20 апта бойы үздік ондықтан түспеді.Verdens Gang, 15 қараша 2015, 38 бет Альбом құрамына «Plystre på deg» () синглі кіреді. 2015 жылдың 24 шілдесінде олар Katastrofe әншісімен бірге «Elektrisk» () синглін шығарды. Ән Норвегиялық синглдер чартында үшінші орынға жетті. 2015 жылдың 25 қыркүйегінде олар Innertier-мен бірге «Ei som deg» () синглін шығарды. Ән Норвегиялық синглдер чартында он бесінші орынға жетті. 6 қарашада олар Hei альбомының екінші нұсқасын шығарды, «Hei (Fan Special)» сол әндерден және кейбір толықтырудан тұрады, толықтырудың бірі — Elektrisk. 2016 жылдың мамыр айында дуэт үш сингл шығарды. Madcon-мен бірге шығарылған бірінші «Girls» () синглі Норвегияда 1-орында дебют жасадыШвециядағы ең жоғарғы позициялар:
Белгіленгеннен басқа барлығы үшін: «Elektrisk» үшін: «Ei som deg» үшін: «Heartbeat» үшін: «I Don't Wanna Fall in Love» үшін: «Light It Up» үшін: «One More Second» үшін: «Like It Like It» үшін: және Швецияда үздік жүздікке енген олардың «Elektrisk» әнінен кейінгі екінші синглі болды. Екінші және үшінші «Heartbeat» () және «I Don't Wanna Fall in Love» () синглдері «Girls» синглі шыққаннан бірнеше күннен кейін сәйкесінше 21 және 37 нөмірлермен дебют жасады. «Girls» синглін «Light It Up» () және «One More Second» () синглдарымен жалғастырды. 2016 жылдың қараша айында олар «Together» () атты алғашқы ағылшын тіліндегі альбомын шығарды. Альбомға олардың «Girls», «Heartbeat», «Light It Up» және «One More Second» хит әндері кіреді. Альбом шығарылғаннан бір аптадан кейін «Together» Норвегия мен Швецияда 1 және Финляндияда 6-нөмірде дебют жасады. 2016 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының концертінің жас таланттар байқауының аясында олар 2016 жылдың 11 желтоқсанында Норвегиядағы «Теленор Аренада» «Without You» және «Bae» әндерін орындады.
2017—2021: Moments Маркус және Мартинус 2017 жылдың 28 қаңтарында Финляндияның Eurovision 2017 ән байқауына «Uuden Musiikin Kilpailu» іріктеу байқауында өздерінің «Bae», «Light It Up» және «Girls» синглдерінен попурри орындап, қатысушылары болды. 13 мамырда Маркус және Мартинус «Eurovision 2017» ән байқауында ән байқауында Норвегия атынан қазылар алқасының ұпайларын жариялады. 2017 жылдың 21 мамырында олар америкалық рэпер Silentó-мен бірге «Like It Like It» синглін шығарды. 1 шілдеде олар «First Kiss» синглін шығарды. Сол айда, 14 шілдеде, олар Швеция тақ ханшайымы Викторияның 40 жасқа толған туған күнінде оған арнайы жазылған «On This Day» әнімен өнер көрсетті. Шілденің соңында «Dance with You» синглін шығарды. 2017 жылдың 15 қазанында «Make You Believe in Love» синглін шығарды. Сингл Норвегияда 34-орынға және Швецияда 47-орынға жетті. Сонымен қатар, сингл 2018 жылы CelebMix-тің 21 жасқа дейінгі 21 әнінің құрамына кірді. 4 қараша күні олар «One Flight Away» синглін шығарды. 15 қарашада «Never» синглін шығарды. 2017 жылдың 17 қарашасында өздерінің «Moments» () атты үшінші студиялық альбомын шығарды. 2018 жылдың 27 қыркүйегінде «Invited» синглін шығарды.
2019 жылы өздерінің алғашқы «Soon» () атты шағын альбомын шығарды. 2020 жылы олардың «Love You Less» және «It's Christmas Time» атты екі синглдері жарық көрді. 2021 жылы Стиг Бреннер Маркус және Мартинуспен бірге «Miserabel» синглін шығарды. Сонымен қатар, Маркус және Мартинус латын өнерпазы Алекс Роузбен бірге Норвегиялық синглдер чартында 20-орынға жеткен «Belinda» синглін шығарды. Қараша айында олар Бруно Мартинимен бірге «Feel» әнін шығарды.
2022—қазіргі күн: The Masked Singer Sweden, Melodifestivalen және Eurovision 2022 жылдың көктем мезгілінде Маркус және Мартинус «Masked Singer» байқауының «Masked Singer Sverige» атты швед нұсқасында жеңіске жетіп, бірінші орынды бөліскен алғашқы дуэт болды. Сонымен қатар, дуэт 2022 жылы «When All The Lights Go Out» атты алғашқы синглін шығарды.
2023 жылы Маркус және Мартинус «Melodifestivalen 2023» ән байқауына «Air» әнімен қатысып, Лориннің «Tattoo» әнінен кейін екінші орынға ие болды. «Air» синглі «OGAE Екінші мүмкіндік байқауында» жеңіске жетті, бұл Швецияға жалпы есепте 19-жеңісті алып келіп, ал Норвегия мен Финляндия үздік үштікті түйіндеді. Маркус және Мартинус 2024 жылы «Melodifestivalen 2024» ән байқауына қайтадан «Unforgettable» әнімен қатысты. 9 наурыз күні дуэт 177 ұпаймен «Melodifestivalen» жеңімпазы атанды және Мальмёда өткен «Eurovision 2024» ән байқауында қабылдаушы ел Швецияның атынан өнер көрсетті. Финалда дуэт 174 ұпаймен тоғызыншы орынды иеленді.
Жеке өмірлері Маркус және Мартинус Кьель-Эрик пен Герд Энн Гуннаршеннің үлкен балалары. Сонымен қатар, олардың 2008 жылы 17 маусымда дүниеге келген Эмма есімді музыкалық мансабын бастаған кіші қарындасы бар. Отбасыда Тико есімді ит те бар.
Маркус қазір Нора Фоссленд Гартландпен қарым-қатынаста.
Дискография Marcus & Martinus норвегиялық поп дуэті 2012 жылдан бері 5 студиялық альбом, 1 шағын альбом және 60-тан астам сингл шығарды.
Студиялық альбомдар Атауы Ақпарат Чарттағы ең жоғарғы позициялар NORНорвегиядағы ең жоғарғы позициялар: Белгіленгеннен басқа барлығы үшін: «Elektrisk» үшін: «Ei som deg» үшін: AUT BEL(FL) DEN FIN LTU NLD POLПольшадағы ең жоғарғы позициялар: Together үшін: Moments үшін: SWEШвециядағы ең жоғарғы позициялар: Белгіленгеннен басқа барлығы үшін: «Elektrisk» үшін: Hei Шығарылды: 23 ақпан 2015 Лейбл: Sony Music Entertainment Norway Формат: Сандық жүктеу, CD 1 — — — — — — — 2 Together Шығарылды: 4 қараша 2016 Лейбл: Sony Music Entertainment Norway Формат: Сандық жүктеу, CD 1 — — 11 6 — — 19 1 Moments Шығарылды: 17 қараша 2017 Лейбл: Sony Music Entertainment Norway Формат: Сандық жүктеу, CD 1 51 173 3 2 — 98 49 1 Unforgettable Шығарылды: 31 мамыр 2024 Лейбл: Universal Формат: Сандық жүктеу 38 — 178 — 44 8 — — 39 The Room Шығарылды: 14 қараша 2025 Лейбл: Universal Формат: Сандық жүктеу — — — — — — — — — "—" чартта жоқ немесе сол аумақта шығарылмаған синглді білдіреді.
Шағын альбомдар Атауы Ақпарат Soon Шығарылды: 10 маусым 2019 Лейбл: RCA Формат: Сандық жүктеу
Синглдер Жыл Атауы Чарттағы ең жоғарғы позициялар Альбом NOR FIN IRE LTU NLD SWE 2012 To dråper vann 8 — — — — — Hei 2013 Leah — — — — — — 2014 Du — — — — — — Smil — — — — — — 2015 Plystre på deg — — — — — — Elektrisk 3 — — — — 8 Hei (Fan Spesial) Ei som deg 15 — — — — — Alt jeg ønsker meg 80 — — — — 2016 Girls 1 — — — — 40 Together Heartbeat 21 — — — — 61 I Don't Wanna Fall in Love 37 — — — — — Light It Up 9 — — — — 23 One More Second 30 — — — — 57 Go Where You Go — — — — — — Without You — — — — — — 2017 Bae — — — — — — Like It Like It 16 — — — — 48 Moments First Kiss — — — — — 52 Dance with You 40 — — — — 48 Make You Believe in Love 34 — — — — 47 One Flight Away — — — — — 79 Never — — — — — — 2018 Remind Me — — — — — 63 Invited — — — — — — Soon 2019 Pocket Dial — — — — — — 2020 Love You Less — — — — — — rowspan="4" It's Christmas Time — — — — — — 2021 Belinda 20 — — — — — Feel — — — — — — 2022 When All the Lights Go Out — — — — — — Unforgettable Wicked Game — — — — — — Gimme Your Love — — — — — — 2023 Air — — — — — 4 247365 — — — — — — Christmas to Me — — — — — 54 The Room 2024 We Are Not the Same — — — — — — Unforgettable Unforgettable 26 19 92 10 75 1 Another Life — — — — — — The Room 2025 Wonder — — — — — — Endless Summer — — — — — — The Room — — — — — — Sugar Rush — — — — — — Diva — — — — — — With You — — — — — — Saturn — — — — — — Jinx It — — — — — — You Make Me — — — — — — "—" чартта жоқ немесе сол аумақта шығарылмаған синглді білдіреді.
Фильмдер тізімі Фильм Жыл Қазақ тіліндегі атауы Түпнұсқа атауы Рөлдері Ұзақтығы Жазба Дер.2017 Арман туралы бірге Sammen om drømmenӨз-өздерін 86 мин Стандартты шығарылымға арналған деректі фильм Маркус және Мартинус — Балалар поп-жұлдыз болған кезде Marcus & Martinus - Når barn blir popstjerner 44 мин TVNorge және DPlay арналарында деректі телефильм
Телевидение Жыл Атауы Рөлдері Эпизодтар саны Жазба Дер. 2015 MMsnuttӨз-өздерін 6 DPlay арнасындағы деректі сериал 2016 MMnews 8 DPlay арнасындағы жаңалықтар сатирасы 2017 Marcus & Martinus 6 TVNorge арнасындағы деректі сериал 2024 Marcus & Martinus: Resan till Eurovision 4 SVT арнасындағы деректі сериал
Концерттік турлары Негізгі турлары «Together Tour» (2016—2017) «Moments Tour» (2018) «We Are Not the Same Tour» (2024—2025)
Қосымша турлары Джейсон Деруло — «2Sides Tour» (2018)
Марапаттар мен номинациялар Жыл Марапат Санат Номинация Нәтиже Дереккөзі 2016 Spellemannprisen '15 Popgruppe () Hei Årets Låt () «Elektrisk» Årets nykommer () Marcus & Martinus 2017 Spellemannprisen '16 Årets Låt () «Girls» Årets Spellemann () Marcus & Martinus NRK Nordland Årets Nordlending () Bravo magazine Bravo Otto 2018 MAD Video Music Awards Best International Act () 2024 Rockbjörnen Årets grupp () Eurovision Awards Miss Congeniality Choreo Monarch Most Rizz
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Санат:2012 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:Норвегия музыкалық топтары Санат:Музыкалық дуэттер Санат:Sony BMG әртістері Санат:Melodifestivalen қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауы 2024 қатысушылары Санат:Eurovision ән байқауындағы Швеция өкілдері Санат:Melodifestivalen жеңімпаздары