Иран вице-президенттері (, Rayis Jomhur-e Irān) — Иран үкімет басшысының орынбасарлары. Иран Конституциясының 124-бабы бойынша вице-президент болып Иран президенті тағайындаған кез келген адам бола алады. Вице-президент Ирандағы президенттік істермен байланысты ұйымды басқаруға жауапты және 2019 жылғы тамыздағы жағдай бойынша елде он екі вице-президент бар. Бірінші вице-президент () президент болмаған кезде кабинет отырыстарын басқарады.
Бірінші вице-президент
Бірінші вице-президенттің лауазымы 1989 жылғы Конституцияны қайта қарау кезінде құрылды. Ол премьер-министрдің кейбір міндеттерін өз мойнына алды. 124-бапқа сүйенсек, бірінші вице-президент министрлер кеңесін басқарады және президент бекіткен басқа вице-президенттіктерді үйлестіреді.
131-бапқа сәйкес, президенттік орын бос болғанда немесе президент өз міндеттерін атқара алмаса, жоғарғы көсемнің мақұлдауынан кейін бірінші вице-президент бұл рөлге кіріседі. Сол бапқа сәйкес, бірінші вице-президенттен (немесе президенттің міндетін атқарушы кез келген адамнан), Парламент спикерінен және сот билігінің басшысынан тұратын кеңес елу күн ішінде жаңа президенттің сайлануын қамтамасыз етуі керек. 132-бапқа сүйенсек, президент міндетін атқарушы (әдетте бірінші вице-президент) қызмет ететін уақыт ішінде Парламент министрлерге импичмент жариялай алмайды, жаңадан енгізілген министрлерді мақұлдамайды, Конституцияны қайта қарауға және ұлттық референдумдарды өткізуге болмайды.
Бірінші вице-президенттер тізімі
Суреті Аты-жөні Қызметі Партиясы Президенті Бастады Аяқтады Өкілеттігі 80px Хасан Хабиби 21 тамыз 1989 26 тамыз 2001 12 жыл, 5 күн Партиясыз Акбар Рафсанджани Құрылыс атқарушыларының партиясы(1996 бастап) Мұхаммед Хатами 80px Мұхаммед Реза Ареф 26 тамыз 2001 10 қыркүйек 2005 4 жыл, 15 күн Исламдық Иран қатысу майданы 80px Парвиз Давуди 10 қыркүйек 2005 17 шілде 2009 3 жыл, 310 күн Партиясыз Махмұд Ахмадинежад 80px Эсфандияр Рахим Машаи 17 шілде 2009 25 шілде 2009 8 күн Партиясыз2009 жылғы 25 шілдеден 13 қыркүйекке дейін лауазымы бос болды 80px Мұхаммед Реза Рахими 13 қыркүйек 2009 5 тамыз 2013 3 жыл, 326 күн Партиясыз 80px Эсхак Джахангири 5 тамыз 2013 8 тамыз 2021 8 жыл, 3 күн Құрылыс атқарушыларының партиясы Хасан Рухани 80px Мұхаммед Мохбер 8 тамыз 2021 28 шілде 2024 2 жыл, 355 күн Партиясыз Ибраһим Раисиөзі() 80px Мұхаммед-Реза Ареф 28 шілде 2024 Қазіргісі 70+ күн Партиясыз Масуд Пезешкиан
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Бірінші вице-президенттің ресми сайты
Санат:Иран мемлекеттік құрылымы