Нұрбанк — қазақстандық бөлшек банкі.

2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 17 аймақтық филиалы және 89 әмбебап банктік қызмет көрсету орталығы бар.

Меншік иелері және басшылық 2018 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 84,4% қатысу үлесі бар ірі акционер «JP Finance Group» ЖШС болды. Соңғы акционері Эльдар Сәрсенов.

Директорлар кеңесінің төрайымы — Раушан Зейноллақызы Ержанова. Басқарма төрайымы — Гүлнара Абайқызы Мұсатаева.

Басшылары Әбілмәжін Ғилымов (1995—2007) Гүлмира Жұмаділлаева (2007) Нұрмұхамед Бектемісов (2007—2009) Марат Заиров (2009—2011) Мұхтар Идрисов (2012—2013) Қаңтар Орынбаев (2013—2015) Эльдар Сәрсенов (2015—2021) Гүлнар Мұсатаева (2021—)

Тарихы 1992 жылы 3 тамызда Нұрбанк Атырауда қаржылық қызметін бастады және сол қалада 2003 жылға дейін қызмет етті. 11 жылдан кейін бас филиал Алматыға көшті.

2007 жылы 4 қыркүйекте басқарманың жаңа төрағасы болып Нұрмұхамед Бектемісов сайланды.

2007 жылдың 22 қаңтарында басқарманың жаңа төрайымы болып Гүлмира Джумадиллаева сайланды.

2007 жылдың қаңтар айының соңында Нұрбанк топ-менеджерлері Жолдас Тимралиев пен Айбар Хасенов жоғалып кетті. Нұрбанк ірі акционері Рахат Әлиев мүлікті бопсалау мақсатында ұрлау ісі бойынша күдікке ілінді.Обвинение имеет неоспоримые доказательства вины Рахата Алиева в убийстве менеджеров «Нурбанка» 2007 жылы 9 қарашада сот басталды, нәтижесінде Рахат Әлиев сырттай 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Бірнеше жылдан кейін Тимралиев пен Хасеновтің мәйіттері табылды.

2009 жылдың 2 наурызында басқарманың жаңа төрағасы болып Марат Заиров сайланды.

2012 жылдың 13 ақпанында Нұрбанк басқарма төрағасы болып Мұхтар Ыдырысов сайланды.

2013 жылдың 20 наурызында Нұрбанк басқарма төрағасы болып Қаңтар Бекаралұлы Орынбаев сайланды.

2015 жылғы 4 тамызда банктің басқарма төрағасының міндетін атқарушы Сәкен Ахметовке жүктелді.

2015 жылдың 30 қарашасында Эльдар Сәрсенов Нұрбанк басқарма төрағасы болып сайланды.

2021 жылдың соңында банкті Гүлнар Мұсатаева басқарды. Ол банктің ірі акционері мәртебесін алуына байланысты қызметінен кеткен Эльдар Сәрсеновті ауыстырды.

Дереккөздер

Сілтемелер

Нұрбанк Қазақстан қор биржасында

Санат:Қазақстан банктері Санат:Алматы компаниялары