Уиллис шеңбері (бұдан бөлек Уиллистің шеңбері, Уиллис ілмегі, мидың артериялық шеңбері және Уиллис көпбұрышы деп те аталады) бауырымен жорғалаушылардың, құстардың және сүтқоректілердің, соның ішінде адамның миына және айналасындағы құрылымдарға қан апаратын қанайналым анастомозы. Ол ағылшын дәрігері Томас Уиллистің (1621–1675) құрметіне аталған.

Құрылым Уиллис шеңбері ми қанайналымының бөлігі әрі келесі артериялардан тұрады:

Алдыңғы ми артериясы (сол және оң), A1 сегмент деңгейінде Алдыңғы дәнекер артерия Ішкі ұйқы артериясы (сол және оң) оның алшақ ұшында (каротид ұшы) Артқы ми артериясы (сол және оң), P1 сегмент деңгейінде Артқы дәнекер артерия (сол және оң)

Миға қан апаратын ортаңғы ми артериялары Уиллис шеңберіне кірмейді.

Артериялардың бастауы Оң және сол жақ артқы ми артериялары базиляр артериядан тарайды, ал ол сол және оң омыртқа артерияларынан шығады. Омыртқа артериялары бұғанаүсті артерияларынан бастау алады.

Артқы дәнекер артерия ішкі ұйқы артериясы алдыңғы және ортаңғы ми артерияларына (ішкі ҰА соңғы тармақтары) бөлінер алдында ғана бөлініп шығатын тармақ. Алдыңғы ми артериясы Уиллис шеңберінің алдыңғы бүйір бөлігін құрайды, ал ортаңғы ми артериясы шеңберге кірмейді.

Алдыңғы дәнекер артерия екі алдыңғы ми артериясын байланыстырып тұрады, сол себепті ол не сол жақтан, не оң жақтан шығады деуге болады.

Шеңберге кіретін барлық артерия қыртыстық және орталық тармақ береді. Орталық тармақтар Уиллис шеңберінің ішкі бөлігін, дәлірек айтқанда, аяқшааралық шұңқырға қан апарады. Қыртыстық тармақтар аты атағандай қыртысқа қан апарып, Уиллис шеңберіне тікелей әсер етпейді.

Нұсқалары Уиллис шеңберінің айтарлықтай көп анатомиялық вариациясы бар, классикалық анатомия адамдардың шамамен үштен бірінде ғана көрінеді. Кең тараған вариациялардың бірінде артқы ми артериясының таяу бөлігі тар, ал ипсилатерал артқы дәнекер артериясы кең болады, сондықтан ішкі ұйқы артериясы артқы миға қан апарады; бұл ұрықтың артқы дәнекер ми артериясы деп белгілі. Тағы бір нұсқасында алдыңғы дәнекер артериясы ірі боп келеді де, бір ішкі ұйқы артериясы екі алдыңғы ми артериясына құяды; бұл жұпсыз алдыңғы ми артериясы деп аталады.

Дереккөздер

Санат:Бас пен мойындағы күретамырлары