Джеймс Дэвид Вэнс (көбіне қысқартқанда Джей Ди Вэнс, ; 2 тамыз 1984 жыл, Мидлтаун, Огайо) — америкалық жазушы, кәсіпкер, саясаткер, заңгер, 2025 жылдан бері қызметтегі Америка Құрама Штаттарының вице-президенті. Республикалық партияда мүшелігі бар Вэнс 2023 жылдан 2025 жылға дейін Огайо штатынан сайланған АҚШ сенаторы еді.
Теңіз жаяу әскерінде қызмет етіп, кейін 2009 жылы Огайо штаты университетінде және 2013 жылы Йель университетінде оқуын бітірген Вэнс 2016 жылы жазған, The New York Times бестселлерлерінің тізіміне түскен мемуары үшін көпшілік көзіне түсті. 2020 жылы Оскар сыйлығына номинацияланған фильмге айналдырылған оның бұл шығармасы Вэнстың Тот белдеуінде тәрбиеленгенде көрген кедейлік, нашақорлық пен жалпы Аппалачия мәдениеті жайлы баяндайды. Ол жайлы БАҚ 2016 АҚШ президент сайлауы барысында біраз жазған. Сол жылғы сайлауда Дональд Трамптың саясатына үлкен қарсылығын көрсеткен Вэнс Трамп президенттігі жылдарында керісінше оны қолдап кетті де, 2022 жылы Огайодан АҚШ сенаторы болып сайланды. 2024 жылғы 15 шілдеде Трамп партиялық съез кезінде оны сол жылғы сайлаудағы серіктесі және вице-президенттікке үміткері ретінде таңдады. Нәтижесінде Вэнс АҚШ вице-президенті болып сайланды да, бұл лауазымға келген тұңғыш миллениал болды.
Сенаттағы өкілеттігі кезінде Вэнсты түрлі дереккөздер неокертартпа, ұлтшыл консерватист және оңшыл популист саясаткер деп сипаттаған. Бұрын ол 15 апталық іштегі нәрестеге аборт жасатуға тыйым салуды қолдайтынын айтты, алайда бұл тыйым жайлы сөйлегенде зорлау, инцест немесе ананың денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың саналмайтынын айтып кетті. Жақында Вэнс аборт туралы көзқарасын сәл өзгертті; ол абортқа тыйым салу заңнамасының штаттардың жеке таңдауы болғанын қалайтынын айтты. Ол осы жайлы пікірсайысты қайта ашқысы келмейтінін айтқанымен, бір жынысты некеге қарсы. Ол порнографияға тыйым салуды жақтайды. Ол, оған қоса, АҚШ-тың Украинаны қаржыландырғанына қарсылығын білдірген және Газадағы соғыста Израиль әскерін қаржыландырғаны дұрыс дейді.
Жастық шағы және білімі нобай|солға|160px|Теңіз жаяу әскеріндегі Вэнс, 2003 Джеймс Дональд Боуман 1984 жылғы 2 тамызда, Огайоның Мидлтаун қаласында дүниеге келген. Анасының есімі Бэвэрли Кэрол (туғанында Вэнс; 1961 туған) болса, әкесі Дональд Рэй Боуман (1959–2023) болған. Шотландиялық-ирландиялық қаны бар. Ата-анасы Боуманның бүлдіршін болғанында ажырасқан. Көп ұзамай оны анасының үшінші күйеуі Боб Хэмел асырап алды да, оның есімі Джеймс Дэвид Хэмел болды. «When Bob became my legal father, Mom changed my name from James Donald Bowman to James David Hamel.»
Хэмел жастайынан зорлық пен кедейлік көріп өсті, анасы нашақор болған. Хэмел мен әпкесі Линдсиді көбіне нағашы ата-әжесі, Джеймс (1929–1997) пен Бонни (туғанында Блэнтон; 1933–2005) Вэнстар тәрбиелеген. Балалар нағашы ата-әжесін «Мәмо», «Пәпо» () деп те атады. Екі жұртының да ата-әжесі Огайоға Кентуккиден көшіп келген еді.
Мектеп бітіргенінен кейін Хэмел АҚШ теңіз жаяу әскерінің корпусында қызмет етіп кетті. Ол кейін Иракқа жіберілді де, 2005 жылдың соңына қарай алты ай бойы соғыс тілшісі болды. Хэмел ғұмырының осы кезеңін өміріне мән берген «ең маңызды жылдарым қатарында» деді.
2009 жылы Хэмел Огайо штаты университетіндегі саясаттану және философия факультетін бітірді. Ол жерде ол үздік оқыған түлектердің бірі болды. Оқуы кезінде ол Огайо сенатының республикашыл мүшесі бірге жұмыс та істеді. «I took a job at the Ohio Statehouse, working for a remarkably kind senator from the Cincinnati area named Bob Schuler. He was a good man, and I liked his politics, so when constituents called and complained, I tried to explain his positions.»
Огайодағы оқуынан кейін Хэмел Йель университетінің құрамында болған Йель заң мектебінде оқыған. Бұл оқуын ол 2013 жылы бітірді де, заң ғылымдарының докторы болды.
2014 жылы үйленгенде Хэмел аты-жөнін ресми түрде өзгертіп, тәрбиелеген нағашы ата-әжесіне тиесілі Вэнс тегін алды. «My entire family showed up for the occasion, and we both changed our name to Vance—giving me, finally, the same name as the family to which I belonged.»
Ерте мансабы нобай|оңға|Вэнс, 2017 жыл Заңгер болғанынан кейін Вэнс сенатор Джон Корнинбен бірге жұмыс істеді де, кейін бір жыл бойы Кентукки жергілікті сотындағы бір судьяның ассистенті бола тұрды. 2016 және 2017 жылдары аралығында Вэнс Питер Тильдің Mithril Capital компаниясында меңгеруші болды.
Шығармашылығы 2016 жылы Harper баспасы Вэнстың Хиллбилли элегиясы кітабын жариялады. Бұл шығармасы 2016 және 2017 жылы The New York Times бестселлерлерінің тізіміне түскен. The New York Times бұл кітапты «Трамптың жеңісін түсіндіре алатын жалғыз шығармалардың бірі» деді. The Washington Post Вэнсты «Тот белдеуінің даусы» десе, The New Republic оны «либералды БАҚ-тың сүйікті түсіндірушісі» деп сынға алды.
Кітабының табысынан кейін Вэнс 2017 жылдың басында CNN арнасына септігін тигізетін болды. Сол жылғы сәуірде Рон Ховард сол кітапқа негізделген фильм жасады да, ол таңдаулы кинотеатрларда 2020 жылғы 11 қарашада жарыққа шықты. 24 қарашада ол Netflix сервисінде де көрсетілді.
Заңгерлігі 2016 жылғы желтоқсанда Вэнс Огайоға көшіп, сол жерде бейкоммерциялық ұйым бастау, не сайланбалы бір лауазымға үміткерлігін жариялау жоспары жайлы сөйледі. Огайоға оралып, ол Our Ohio Renewal (Огайомызды жаңарту) ұйымын құрды. Ол білім беру мен есірткі тәуелдігіне қарсы күресу мен кітапта айтылған басқа да әлеуметтік мәселелерді шешу істерімен айналысты. Алайда ұйымның жетістіктері көп болмады да, ол екі-ақ жылдан кейін таратылды. 2022 жылғы сайлау барысында болған сенаторлыққа шайқас кезінде Вэнстың қарсыласы Тим Райан ұйымның Вэнстың саяси шамданушылығы үшін ғана құрылғанын айтты. Райан, оған қоса, ұйым штатта өткен сауалнамаларға араласқан деген айып тақты.
Инвестициялары 2017 жылы Вэнс атты инвестициялық компанияның мүшесі болды. 2020 жылы ол бұл фирма үшін $93 миллион ақша тапты.
Сенаторлығы (2023–2025) Сайлауалды кампаниясы нобай|оңға|2022 жылы өткен Огайо сенаторы сайлауының нәтижелері: 2018 жылдың басында Вэнс АҚШ Сенатына Шеррод Браунға қарсы тұруды қарастырды, бірақ кейін бас тартты. 2021 жылғы наурызда Питер Тиль Вэнстың ықтимал кандидатурасын қолдаймын деп бір комитетке 10 миллион доллар берді.
Вэнс сайлану жарысына ресми түрде 2021 жылғы 1 шілдеде кірді. 8 қарашадағы жалпы сайлауда Вэнс жалпы дауыстың 53% жинап, демократ қарсыласы Тим Райанға қарсы жеңіске жетті.
Сенаторлыққа барғанына дейін Вэнстың Дональд Трампқа деген үлкен қарсылығы бар еді. Алайда Трамп президенттігі жылдарында ол өзінің көзқарасын өзгертіп, сенаторлыққа барғанында Трамптан қолдау сұраған. Трамп Вэнсты «жақсы адам» деп мақтап, оны кешіргенін айтса да, оның өзіне деген бастапқы қарсылығын және кейінгі қолдау сұрағанын мазақ қылды да, «Вэнс деген енді менің көтімді сүйіп жүр» деп те әзіл айтты.
Қызметі Вэнс Америка Құрама Штаттарының 118-Конгрессінің мүшесі ретінде 2023 жылғы 3 қаңтарда АҚШ Сенатында ант берді. Ол 1974 жылы қызметке келген ғарышкер Джон Гленннен бергі үкіметте тәжірибесі жоқ Огайо штатының алғашқы АҚШ сенаторы болды.
Вэнс 2023 жылы Ист-Палестайнда орын алған деген баяу реакциясы үшін айыпталды. Оның баспасөз-хатшылығы оқиға жайлы тек 10 күннен кейін ғана жазды.
2024 жылғы президент сайлауы
нобай|солға|Вэнстың Мичиганда сөз сөйлеуі, 2024 жылғы маусым 2023 жылғы 31 қаңтарда Вэнс президент Дональд Трамптың 2024 жылы Республикалық партиядан кандидат ретінде қайта сайлануын қолдады. Трамп 2024 жылғы 15 мамырда Цинциннатиде Вэнспен бірге басына 50,000 доллардан тұратын жеке қаражат жинау кешіне қатысты.
2024 жылғы 15 шілдеде өткен Республикалық партия съезінде сол жылғы президент сайлауына қатысатын партияның үміткерлері таңдалды. Президенттікке үміткерлігі ресмиленген Дональд Трамп өзінің сол сайлаудағы серіктесі ретінде сол күні Вэнсты таңдады. Truth Social аккаунтында жазған Трамптың жазбасында ол Вэнс туралы былай деді:
The Atlantic баспасында жұмыс істейтін Дэвид Эй Грэм Вэнстың Республикалық партияның болашақ көшбасшысы болатынын мүмкін көрді. Трамптың екі үлкен ұлы, кіші Дональд Трамп пен Эрик Трамп әкесінің Вэнсты таңдауын жақтады. Бірнеше БАҚ пен сала қайраткерлері Вэнстың бюллетеньде болуын қолдады, солардың ішінде Илон Маск, пен Такер Карлсонның бар болғаны делінеді. 2025 жобасының авторлары Heritage Foundation-ның да Вэнстың үміткерлігін жеке түрде қолдағаны хабарланды. 2022 жылы Сакс Вэнстың Сенатқа сайлану науқанына 900,000 доллар берсе, Питер Тиль 15 миллион доллар қосты. Бастапқыда Илон Маск ай сайын 45 миллион доллар береді деп хабарланғанымен, Маск кейінірек ол «әлдеқайда аз сома» жасаймын деп жоспарлағанын айтты.
Шілде айында Вэнстың Йель заң мектебіндегі бұрынғы досы 2014 жылдан 2017 жылға дейін Вэнс жайлы сөйлегенде оның «саяси билік пен байлыққа» ұмтыламын деп «әр америкалыққа әсер ететін кез келген мәселе бойынша өз пікірін өзгерте беретіні» жайлы мәлімдеді.
2024 жылғы тамызға қарай Трамп түрлі митингтерге қатыса қоймайтын болды да, оның орнына Трамп–Вэнс үміткерліктерін «жарнамалай» жүрген тек Вэнс еді. Екі басты партия аттарынан АҚШ вице-президенттігіне барған екі үміткер, Вэнс пен Тим Уолз, 2024 жылғы 1 қазанда, CBS News телеарнасындағы бағдарламада пікірталасқа түсеміз деп келісті.
Баласыз әйелдер туралы сөзі Трамптың серіктесі деп аталғанынан кейін көп ұзамай Вэнс 2021 жылғы Fox News сұхбатындағы «Біздің елді демократтар және солардың ішінде корпоративті олигархтар, өз бетінше берекесі, не баласы жоқ мысық ұстайтын әйелдер тобы басқарады және осылайша біздің де берекемізді құртады» деген сөзі үшін айыпталды. Денсаулық себебінен бала туа алмаған және сол себептен көрген қиыншылығы жайлы біраз сөйлеген Дженнифер Энистон өзінің Instagram парақшасында Вэнсты сынап: «Мен болашақта АҚШ вице-президенті бола алатын адамнан осындай сөзді естігеніме шынымен де сене алмаймын» деп жазды. Түрлі әлеуметтік желі қолданушылары, БАҚ пен саясаткерлер Вэнстың бұл сексист делінген сөзіне қарсы шыққан, оны мазақ қылған. 2024 жылғы 26 шілдеде Вэнс The Megyn Kelly Show бағдарламасында бұл сөздерін түсіндіріп жіберді: «Бұл балалары жоқ адамдарды сынағаным емес, бұл Демократиялық партияның отбасы мен балаға қарсы саясатын сынағаным».
Fox News сұхбатынан шыққан сыннан кейін Вэнстың әйелдер мен баласыз адамдар туралы айтқан тағы сөздері көпшілік назарына түсті. 2020 жылғы подкастта ол баласыз болу «адамдарды социопаттау қылады және осылайша елімізді бірте-бірте психикалық тұрғыдан тұрақсыз етеді» деді. Вэнс, оған қоса, 2021 жылғы наурызда берген бір сұхбатта баласы жоқ адамдарға балалары бар адамдарға қарағанда жоғарырақ салық салуды ұсынды. Ұсынысы жайлы сөйлегенде ол «біздің өзіміз жақсы деп санайтын нәрселерді көтермелегеніміз және жаман деп санайтын нәрселер үшін халықты жазалағанымыз жөн» деп қосты. 2021 жылғы мамырда The Federalist Radio Hour бағдарламасына берген сұхбатында Вэнстың: «Менің ойымша, біз елімізде бар балаларға қарсы идеологияға қарсы соғысуымыз керек» дегені және бала табу орнына мансаппен айналысатын адамдарды «қайғылы, жалғыз және аянышты» деп сипаттағаны бар.
Диван жайлы дақпырт 2024 жылғы 15 шілдеде X әлеуметтік желісінде Хиллбилли элегиясында Вэнс диван жастықтарының арасына қойылған латекс қолғапты пайдаланып мастурбация жасағанын сипаттады деген жалған ақпарат тарады. Нәтижесінде бұл жайлы түрлі интернет-мем жасалды да, Associated Press бұл ақпаратты теріске шығарған бір мақала жариялады, бірақ оны көп ұзамай жойып тастады.Бірнеше дереккөз:
6 тамыздағы митингіде сол күні Харристің сайлаудағы серіктесі болып таңдалған Миннесота губернаторы Тим Уолз Вэнсты пікірталасқа шақырған кезінде бұл жалған ақпаратқа сілтеме жасап отыра қалжыңдады. Харрис науқанының жалған ақпарат жайлы сөйлегені және оны сайлаудағы «шабуыл түрі» қылғанына дайындығы бұқаралық ақпарат құралдарында біраз талқыланды.Бірнеше дереккөз:
Көпшілік реакциясы