thumb| alt=A.| Бақалшы.
Бақалшы — ұсақ-түйек нәрселерді алып-сатушы адам, саудагер. Көбінесе, айна, тарақ, шәй, сабын, әшекей бұйымдарды жүн-жұрқа, тері-терсекке айырбастап, ел аралап жүреді. Қазан төңкерісінен бұрынғы қазақ даласының тұрмыстық тұтыныс қажеттілігін өтеуде Бақалшының азды-көпті үлесі болды. Алайда, үлкен қалаларға кіре тартып, бір жылдық керек-жарағын қамдап алатын қазақтар Бақалшыны көп керексіне бермеген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:Адам