Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов (30 тамыз 1984 жыл, Семей) — қазақстандық саясаткер, 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері Қазақстанның Туризм және спорт министрі.

Білімі Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.

Еңбек жолы Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.

2009–2014 жж. — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.

2006–2018 жж. — «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.

2018–2020 жж. — «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.

2020–2021 жж. — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.

2021–2023 жж. — Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.

2023–2024 жж. — Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап Туризм және спорт министрі.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан саясаткерлері Санат:Қазақстан туризм және спорт министрлері Санат:Семей мемлекеттік педагогикалық институты түлектері Санат:Қазақ гуманитарлық заң университеті түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Ғылым докторлары