Копривница-Крижевци () — Хорватияның солтүстігіндегі жупания. Жупания Копривница және Крижевци екі ірі қалаларының атымен аталған.
Географиясы Жупанияның аумағы — 1748 км². Солтүстігінде Меджимурье жупаниясымен, солтүстік-батысында Вараждин жупаниясымен, оңтүстік-батысында Загреб жупаниясымен, оңтүстігінде Беловар-Билогора жупаниясымен және оңтүстік-шығысында Вировитица-Подравина жупаниясымен шектеседі. Солтүстік-шығысында жупания Мажарстанмен шекаралас.
Жупания аумағы арқылы Будапешт — Загреб және Вараждин — Осиек бағытындағы бірнеше маңызды теміржол және автомобиль магистральдары өтеді.
Жупанияның шығыс бөлігі Драва өзенінің төмен жатқан, құнарлы алқабында орналасқан, бұл аймақ Подравина деп те аталады; ал батыс бөлігі — көбірек адырлы.
Халқы және әкімшілік бөлінісі 2011 жылғы халық санағының деректеріне сәйкес, жупания аумағында 124 467 адам тұрдыЕлді мекендер бойынша халықтың жыныс және жас бойынша таралуы — Хорватияның статистика бюросы. , олардың 96 %-ы хорваттарҚалалар мен қауымдастықтар бойынша ұлттар .
Жупания 25 әкімшілік бірлікке (3 қала, 22 қауымдастық) бөлінеді:
Қалалар: Копривница, жупания астанасы, 24 809 адам Крижевци, 11 541 адам Джюрджевац, 6616 адам
Қауымдастықтар: Дрне Джелековец Фердинандовац Гола Горня-Риека Хлебине Калиновац Калник Клоштар-Подравски Копривнички Бреги Копривнички Иванец Леград Молве Новиград Подравски Ново-Вирье Петеранец Подравске-Сесвете Расинья Соколовац Свети Иван-Жабно Свети Петар-Ореховец Вирье
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Жупанияның ресми сайты
Санат:Хорватия жупаниялары