Дәурен Айтбайұлы Кәріпов (2 шілде 1969, Үшарал, Талдықорған облысы, Қазақ КСР, КСРО) — қазақстандық дипломат, мемлекеттік қайраткер. І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші.
Қызмет жолы
1994—1995 — Қазақстан көлік және коммуникациялар министрлігінің маманы. 1995—1998 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің референті, атташе, үшінші және екінші хатшысы. 1998—2001 — Қазақстанның Германиядағы елшілігінің үшінші хатшысы. 2001—2003 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің екінші хатшысы. 2003—2007 — Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласында бас консулдығының үшінші хатшысы, вице-консул. 2007—2008 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаменті басқармасының басшысы. 2008—2012 — Қазақстанның Швейцариядағы елшілігінің кеңесшісі. 2012—2013 — Қазақстан сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаменті басқармасының кеңесшісі. 2013—2014 — Қазақстанның Германиядағы елшілігінің кеңесшісі. 2014—2016 — Қазақстанның Германиядағы елшілігінің кеңесші уәкілі. 2016—2019 — Қазақстанның Майндағы Франкфурт қаласындағы бас консулы. 2019—2022 — Қазақстанның Германиядағы елшісіhttps://tengrinews.kz/kazakhstan_news/dauren-karipov-stal-poslom-kazahstana-v-germanii-370692/amp/https://kapital.kz/amp/naznacheniya/78813/dauren-karipov-stal-poslom-kazakhstana-v-germanii.htmlhttps://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysynyn-zharlygymen-dauren-aytbayuly-karipov-kazakstan-respublikasynyn-germaniya-federativtik-respublikasyndagy-totenshe-zhane-okiletti-elshisi-lauazymynan-bosatyldy-1353746https://inbusiness.kz/ru/last/naznachen-chrezvychajnyj-i-polnomochnyj-posol-rk-v-germanii. 2023 — Қазақстанның Латвиядағы елшісіhttps://kaztag.kz/amp/news/tokaev-naznachil-poslov-kazakhstana-v-indonezii-latvii-i-meksikehttps://ulysmedia.kz/news/22130-naznacheny-posly-kazakhstana-v-indonezii-meksike-i-latvii/amphttps://kazpravda.kz/n/tokaev-naznachil-poslov-kazahstana-v-ryade-stran-ix/.
Білімі 1994 жылы Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін (қазіргі Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті) тәмамдады.
Марапаттары мен атақтары І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елшіhttps://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-riga/about/structure/people/38220?lang=kk.
Жеке өмірі Үйленген, 3 баласы бар.
Дереккөздер