Желтоқсан саябағы — Алматы қаласындағы саябақ.
Рекреациялық аймақ аэропорт көлінің жағалауын қамтиды. Абаттандыру алаңы – шамамен 23 мың шаршы метр. Саябақта 8 балалар және 7 спорт алаңы бар, оның ішінде воркаут, мини-футбол, паркур ойын алаңдары.Алматыда "Желтоқсан" саябағы ашылды — «Егемен Қазақстан», 13.12.2020
Саябақтың басты ерекшелігі ретінде ұзындығы 1300 метрлік жаяу жүргіншілерге арналған пирсті атауға болады. Ол Кіші Алматы өзенінің арнасын кесіп өтіп, Аэропорт көлінің шығыс жағалауы бойымен салынды.
Қаладағы ең үлкен үш саябақтың біріне айналған бұл нысанды салуға жалпы 871,4 миллион теңге жұмсалды.Өткен күзде пайдаға берілген пирс: Қазірдің өзінде бүліне бастаған (фото) — «Мінбер», 10.05.2021
Дереккөздер
Санат:Алматы саябақтары