2025 жылғы 21 қаңтарда Түркияның Болу провинциясындағы Карталкая тау шаңғы курортында орналасқан Grand Kartal қонақ үйінде ірі өрт орын алды. Оқиға салдарынан 76 адам қаза тауып, тағы 51 адам жарақат алды.

Өрт Карталкая — Түркияның Болу провинциясындағы тау шаңғы курорты. Ол Көроғлу тауларында, теңіз деңгейінен 2200 метр биіктікте орналасқан. Өрт Grand Kartal қонақүйінде болған, оның сырты ағашпен қапталған. Қонақүйдің биіктігі 12 қабат (кейбір деректер бойынша — 11 қабат).

Өрт шамамен 3:27-де басталды. Алдын ала мәліметтер бойынша, өрт төртінші қабаттағы мейрамхана аймағында шыққан, содан кейін жоғарғы қабаттарға таралған. Оқиға орнына шамамен 267 төтенше қызметкерлері, 30 өрт сөндіру көлігі және 28 жедел жәрдем көлігі жіберілді.

Болу провинциясының губернаторы Абдулазиз Айдын құтқарушылар 4:15 шамасында келгенін мәлімдеді. Кешігу қонақүйдің Болу қаласынан алыстығы мен аязды ауа райына байланысты болған. Алдын алу шарасы ретінде көршілес қонақүй де эвакуацияланды. Өртті сөндіру операциясы 12 сағатқа созылды. Түркияның ІІМ-нің мәлімдеуінше, төтенше жағдайды тергеу аясында 9 адам ұсталды.

Құрбандар Қонақ үйде барлығы 234 (кейбір деректерде 237-ден 300-ге дейін жетеді) адам болған. Өрт салдарынан кемінде 76 адам қаза тауып, оның ішінде екеуі аман қалмақ болып терезеден секірген. Сонымен қатар, 51 адам жарақат алған, олардың біреуінің жағдайы ауыр деп бағалануда.

Реакция Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның мәлімдеуінше, қажетті жұмыстарды үйлестіру мақсатында оқиға орнына ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет және туризм министрлері жіберілді. Қайғылы оқиғаның себептерін тергеу алты прокурор мен бес сарапшыдан құралған комиссияға тапсырылды. Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсойдың айтуынша, 2021 және 2024 жылдардағы тексерулер кезінде қонақүйде өрт қауіпсіздігіне қатысты айтарлықтай кемшіліктер анықталмаған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 22 қаңтар, сәрсенбі күнін ұлттық аза тұту күні деп жариялады. Солтүстік Кипрде де аза тұту күні жарияланды.

Еуропа одағы, Әзербайжан, Пәкістан, Грекия, БАӘ, Иордания, Кувейт, Украина, Армения, Қатар, Иран, Сербия, Германия, Ресей, Босния мен Герцеговина, Косово, Грузия, Эфиопия, Сомали, Египет, Бахрейн және Өзбекстан өздерінің көңіл айту сөздерін жолдады.

Дереккөздер

Санат:2025 жылғы өрттер Санат:Қонақ үйлердегі өрттер Санат:Түркиядағы өрттер Санат:2025 жылдағы Түркия Санат:2025 жылғы апаттар