Болат Ілиясұлы Ғабитов-Жансүгіров (16 қараша 1937, Алматы – 20 сәуір 2004, Алматы) — кеңестік қазақ кинематография қайраткері, Қазақ КСР телерадио жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы, Қазақ КСР кинометографтар одағының бірінші хатшысы (1981-1984), Қазақ КСР кино жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы (1984-1987), деректі фильмдердің режиссері.

Өмірбаяны 1937 жылы туған. Қазақтың көрнекті, қаламгері Ілияс Жансүгіровтың төртінші әйелі татар қызы Фатима Ғабитовадан туған ұлы. 1937 жылы әкесі Ілияс қуғындалғанда, анасы Фатима Ілиястың жақын досы Мұхтар Әуезовпен бас қосып, Мұхтар бала нәресте Болатты асырап алды. Орта жүздің Найман тайпасы, Матай руынан шыққан.

1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің геология-география факультетін бітірген. Мұнда геолог-мұнайшы мамандығын алып шықты, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемей, сол жылы Қазақ КСР Жазушылар Одағының бағыттауы бойынша Мәскеудегі М.Горький атындағы әдебиет институтына түсті.

1963 жылдан бастап Қазақ КСР телерадио жөніндегі мемлекеттік комитетінде жұмыс істеді. Мұнда корреспонденттен бас редакторға дейін көтерілді.

1970 жылдан бастап КОКП мүшесі. 1974 жылы КСРО Кинематографистер одағына мүше болып қабылданды. Ал 1979 жылы КСРО кинематографиясының үздігі белгісімен марапатталды.

1981 жылы Қазақ КСР Кинематографистер одағының бірінші хатшысы болып сайланды.

1984-1987 жылдары Қазақ КСР кино жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы.

Өмірінің соңғы жылдары Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтында жастардың тәжірибесін жеткізді.

Шығармашылығы "Мәскеудегі қазақ өнері апталығы" (1967), "Жеңіске дейін бес белес" (1971), "Сыр-Саун" (1972), "Жол" (1973), "Мәңгілік сыйлау" (1974), "Саған жүрек пен ән", "Нәзік және ерке көл" (екеуі де 1975), "Ленин гвардиясының рядовойы", "Құрманғазы", "Кеңес елінің балалары", "Бақ кімге қалады?" (барлығы 1976), "Шерани", "Жолдың есінде қаламыз" (екеуі де 1977), "Жарнама" (1979, Бүкілодақтық телевизиялық фестиваль сыйлығы) деректі фильмдерінің режиссері мен сценарисі.

Марапаттары "Ерен еңбегі үшін" медалімен (1970), "КСРО кинематографиясының үздігі" белгісімен (1979), Эстония КСР Жоғарғы Кеңесінің "халықтар достығы ісіне қосқан зор үлесі үшін" грамотасымен (1980) марапатталған.

Әдебиет Ғабитов, Болат Ілиясұлы / / Кино: энциклопедиялық сөздік / ч. ред.С. И. Юткевич. - М.: Кеңес энциклопедиясы, 1987.- 640 Б.

Дереккөздер

Санат:Қазақстандағы телевизия Санат:КСРО кинематографтары одағы мүшелері Санат:Қазақ ұлттық өнер академиясы оқытушылары Санат:Горький атындағы Әдебиет институты түлектері Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:КОКП мүшелері Санат:Лениннің туғанына 100 жыл медалінің иегерлері Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:2004 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:1937 жылы туғандар Санат:16 қарашада туғандар Санат:Фатима Ғабитованың жанұясы