кіші Роберт Фрэнсис Кеннеди (; 17 қаңтар 1954 жыл, Вашингтон) — америкалық заңгер, саясаткер, вакцинаға қарсы қозғалыстың белсендісі және қастандық теорияшысы, 2025 жылдан бергі АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі. Кеннеди — COVID-19 пандемиясы жайлы жалған ақпарат таратын, екпенің салынуына қарсы тұратын Балалар денсаулығын қорғау ұйымының негізін қалаушысы және төрағасы және 2024 АҚШ президент сайлауына қатысқан партиясыз үміткер.
Вашингтон мен Массачусетсте тұрған Кеннеди — Кеннеди отбасының мүшесі, АҚШ бас прокуроры және сенатор болған Роберт Ф. Кеннедидің ұлы және Джон Ф. Кеннедидің інісі. Ол Гарвард университетінде оқуын бітіріп, Вирджиния университетінде заңгер болды да, мансабын Нью-Йорк қаласындағы аудандық прокурордың көмекшісі ретінде бастады. 1980 орта жылдарында ол қоршаған ортаны қорғауға көзделген екі түрлі бейкоммерциялық ұйым құрды: мен . Оның Riverkeeper-дегі жұмысы ұзақ мерзімді экологиялық құқықтық стандарттарды белгіледі. Екі ұйымда да Кеннеди ірі корпоративті ластаушыларға қарсы заңды күресте жеңіске жетті. Ол 1986 жылы Пейс университетінің заң мектебінде экологиялық құқықтың адъюнкт-профессоры болды. 1987 жылы Кеннеди Пэйстің экологиялық сот ісі жөніндегі клиникасын құрды және 2017 жылға дейін сол жерде қадағалаушы адвокат және қосалқы директор лауазымдарын атқарды.
2005 жылдан бастап Кеннеди вакцинаға қарсы жалған ақпаратты және қоғамдық денсаулыққа қатысты қастандық теорияларын, Бірнеше дереккөз:
соның ішінде вакциналар мен аутизм арасындағы байланыс туралы ғылыми дәлелденбеген мәлімдемелерді алға тартты. COVID-19 пандемиясының басталуынан бастап ол Америка Құрама Штаттарында COVID-19 вакцинасы туралы жалған ақпараттың жетекші жақтаушысы ретінде пайда болды.
Жастық шағы және білімі нобай|солға|Кеннеди мен әкесінің ағасы Джон Кеннеди, 1961 жыл
Кеннеди 1954 жылғы 17 қаңтарда, Вашингтонда дүниеге келген. Ол — АҚШ сенаторы мен прокуроры болған үлкен Роберт Ф. Кеннеди мен әйелі некесінен туған он бір баланың үшіншісі. Ол — АҚШ президенті Джон Кеннеди мен сенатор Тед Кеннедидің інісі.
Кеннеди Маклейн, Вирджиниядағы Кеннедилер үйінде тәрбиеленді. 1972 жылғы маусымда Кеннеди Бостондағы Пэлфри-стрит күндізгі мектебін бітірді. Палфриге барған кезде ол суррогат отбасымен Кэмбридж, Массачусетстегі ферма үйінде тұрды. Кеннеди Гарвард университетінде білімін жалғастырып, оны 1976 жылы Америка тарихы мен әдебиеті саласындағы өнер бакалавры дәрежесімен аяқтады. Гарвардта Кеннеди өзінің ағасы Дэвидпен жиі героин мен кокаинмен тәжірибесін жалғастырып, «сырнайшы» және «есірткі сатушы» ретіндегі беделге ие болды. 1982 жылы Вирджиния университетіндегі заң мектебінің заң ғылымдарының докторы дәрежесін және 1987 жылы Пейс университетінің заң магистрі дәрежесін алды.
1963 жылы ағасы, президент Джон Кеннеди өлтірілгенде ол 9 жаста және 1968 жылы президент болып сайланғалы болған әкесі өлтірілгенде 14 жаста еді. Әкесінің өлімінен бірнеше сағаттан соң ол кейін өзінің үлкен ағайындылары Кэтлин мен Джозефпен бірге вице-президент Хьюберт Хамфридің ұшағымен Лос-Анджелеске ұшты. Ол қайтыс болғанда әкесімен бірге болды. Кеннеди әкесінің жерлеу рәсімінде сөйлеп, Арлингтон ұлттық зиратында еске алу кешінде әкесінің сөйлеген сөздерінен үзінділер оқыды.
Әкесінің өлімінен кейін Кеннеди есірткіні пайдаланып кетті және осыған қарсы күресті, бұл оның Массачусетс штатындағы Барнстайл қаласында 16 жасында каннабис ұстап жүргені үшін қамауға алынды және екі мектептен: Миллбрук пен Помфреттен шығарылды. Бұл жылдары Кеннеди отбасының мүшелері кіші Роберт Ф. Кеннедиді есіртке шегіп, ұрлық пен вандализммен айналысып жүрді деп болжады.
Мансабы Манхэттен прокурор орынбасары 1982 жылы Кеннеди Манхэттен аудандық прокурорының көмекшісі ретінде антын берді. Нью-Йорктік адвокат емтиханын өте алмаған Кеннеди 1983 жылғы шілдеде отставкасын жариялады.
Героинге ие болғаны үшін сотталуы 1983 жылғы 16 қыркүйекте Рапид-Сити, Оңтүстік Дакотада Кеннеди героин иелегені үшін сотталды. 1984 жылғы ақпанда ол героинге ие болумен байланысты бір фелонияға өзін кінәлі деді де, оған екі жылдық сынақ мерзімі мен қоғамдық жұмыстар берілді. Қамауға алынғанынан кейін ол нашақорлықтан емделмек болды. Сынақ мерзімінің шарттарын қанағаттандыру үшін Кеннеди Табиғи ресурстарды қорғау кеңесінде (NRDC) ерікті болып жұмыс істеді де, есірткіні қалпына келтіру бойынша тұрақты сессияларға қатысуға міндетті болды. Кеннеди сөзінше бұл оқиға оның 14 жылға созылған героинге тәуелдігін аяқтады, ол оның 15 жасында болғанында басталған дейді. Сынақ мерзімі бір жылға ерте аяқталды.
Riverkeeper нобай|оңға|Кеннеди, 2000 жыл
1984 жылы Кеннеди Гудзон өзенінің балықшылары қауымдастығында ерікті қызметін бастады, кейін ол 1986 жылы деп аталды. 1985 жылы адвокат емтиханын өткен Кеннедиді Riverkeeper аға адвокаты ретінде тағайындады. Бұл компанияда ол қоршаған орта заңымен айналысатын."Our core mission: Environmental enforcement". 2016. Riverkeeper Journal.
2017 жылы Кеннеди Riverkeeper компаниясынан кетті.
Пейс экологиялық сот ісін жүргізу клиникасы 1987 жылы Кеннеди Пейс университетінің заң мектебінде Экологиялық сот ісін жүргізу клиникасын құрды, онда ол үш онжылдық бойы клиниканың бақылаушы адвокаты және қосалқы директоры мен заң ғылымының клиникалық профессоры болды.
Клиника Лонг-Айленд Саунд пен Гудзон өзені мен оның салаларын ластағаны үшін үкіметтер мен компанияларды сотқа берді."A conversation with the authors of 'The Riverkeepers: Two Activists Fight to Reclaim Our Environment as a Basic Human Right'". 1997 жылғы 10 қараша. Charlie Rose. Ол азаматтардың жағалау сызығына қолжетімділігін кеңейту туралы істер бастап жүрді және Гудзон өзені Riverkeeper үшін жүздеген елді мекендерді жеңіп алды.Cronin, John, and Kennedy, Robert F. Jr. (1997 жылғы 26 шілде). "It's Our River – Let Us Get to It". The New York Times. 2001 жылғы 11 сәуірде Men's Journal журналы Кеннедиге Клиниканы құрғаны үшін «Қаһарман» атағын берді.Kaydo, Chad (2001 жылғы 13 сәуір). "A Manly Awards Party for Men's Journal". BizBash.
Waterkeeper Alliance 1999 жылғы маусымда Гудзондағы Riverkeeper сәттілігінен шабыттанғандар Солтүстік Америкада түрлі Waterkeeper компанияларын құрды. Солардың біразы бірігіп, Waterkeeper Alliance альянсын құрды, қазір оның құрамында 344 лицензиялы Waterkeeper бағдарламалары бар, . Waterkeeper.org. 44 елде қызмет етеді.Yaggi, Marc, Waterkeeper Alliance. August 2, 2018. "Let Our Rivers Run Free: A Global Look at How Dams are Destroying our Waterways". Waterkeeper Magazine. Президенті ретінде Кеннеди оның құқықтық, саяси және қаражаттық бағдарламаларын қадағалады."Robert F. Kennedy, Jr. Honored at Water's Edge Gala". (2014). Stroudcenter.org. 2020 жылғы қарашада Кеннеди альянс президенттігінен кетті.
Саяси ұстанымы Кеннедидің саяси риторикасы жиі қастандық теорияларына ие.
Сыртқы саясат Кеннеди Америка Құрама Штаттарының Сауд Арабиясы сияқты диктатуралармен жақындығына қарсы. Ол, оған қоса, саудиттердің Йемендегі азаматтық соғысына араласқанын сынға алған, оны «ирандықтар қолдаған хуситтер геноциді» деді. Кеннеди Израильді, соның ішінде Израиль-Хамас соғысындағы Израильді қолдайды.
Әскери өндіріске және АҚШ экспансиясына қарсы болған Кеннеди Ирак соғысына және Ресейдің Украинаға басып кіруі кезіндегі Американың Украинаны қолдағанына қарсы. Ол Ресейдің басқа елге басып кіруін сынға алды, алайда Орыс-украин соғысын «АҚШ-тың Ресейге қарсы соғысы» деді, құрбан болған украиналықтарға аянышпен қарады.
Кеннеди Украинаның НАТО құрамына кіруіне тыйым салғанды дұрыс деп санайды. Ол бұның орнына НАТО құрамына Ресейдің кіргенін және ұйымның Қытайға қарсы болғанын қолдады.
Вакцинация Кеннеди басшылық ететін тобы вакцина әсері көптеген америкалық балаларда аутизм, гипербелсенділік пен зейін жетіспеушілігі синдромы (ГЗЖС), тағамдық аллергия, қатерлі ісік пен аутоиммундық аурулар сияқты ауру тудырады деп мәлімдейді. Children's Health Defense ұйымы парацетамолды, алюминийді және басқаларды айыптады және қарсы үгіт жүргізді. «Қауіпті» делінген Кеннедидің ғылыми зерттеулерге қарсы жасаған тұжырымдамаларын түрлі тұлғалар, соның ішінде АҚШ Сенатының мүшелері сынға алды.
Саяси аспирациялары нобай|оңға|2008 жылғы Демократиялық партия ұлттық съезіндегі Кеннеди Кеннеди 2000 жылдардан бері түрлі жерде сайлануға ниетін білдірген. Бұлар арасында: 2000 және 2008 жылдары АҚШ Сенатындағы мандат пен 2006 жылы Нью-Йорк бас прокуроры бар.
2024 АҚШ президент сайлауы 2023 жылғы 3 наурызда Нью-Гэмпширде сөйлеген сөзінде Кеннеди 2024 жылғы президенттік сайлауға түсу мүмкіндігін қарастырып жатқанын айтты: «Мен бұл туралы ойлап жүрмін. Мен ең үлкен кедергіден өттім, яғни әйелім оған мақұл деді».
Кеннеди 2023 жылғы 5 сәуірде Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткерлігін ұсынды. 9 қазанда ол тәуелсіз кандидат болды. Ол — АҚШ президенттігіне барған отбасының бесінші мүшесі.
Кеннеди бәйге кезінде көптеген жалған қастандық теорияларын қолданып жүрді де, PolitiFact оның президенттік науқанын 2023 жылғы «жыл өтірігі» деп атады.
Кеннедидің науқаны республикашыл донорлар мен Трамп одақтастарынан айтарлықтай қолдау алғаны үшін атап өтілді, олар ол демократтар даусын өзіне алып қоятын «спойлер» үміткер бола алады деп сенді.
23 тамызда Кеннеди өз үміткерлігін тоқтатты да, Дональд Трамп үміткерлігін қолдап кетті, алайда оның есімі құбылмалы штаттардан басқа бюллетеньдерде қала берді. Бұрын Кеннеди «еш жағдайда да» Трампты қолдамайтынын айтқан еді, бір кезде Трампты «жиіркенішті кісі», «мүмкін есалаң да» деген.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрі (2025–) Ұсынылуы 2025 жылғы 13 ақпанда АҚШ Сенаты Кеннедидің үміткерлігіне дауыс берді де, ол сол күні ант беріп, осылайша ресми түрде өкілеттігін бастады.
Дереккөздер
Санат:Кеннедилер Санат:Конспирологтар Санат:АҚШ заңгерлері Санат:АҚШ саясаткерлері Санат:АҚШ құқықтанушылары Санат:АҚШ денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер министрлері Санат:Сидвелл достарының мектебі түлектері Санат:Гарвард университеті түлектері Санат:Лондон университеті түлектері Санат:Лондонның экономика мектебі түлектері Санат:Вирджиния университетіндегі заң мектебі түлектері Санат:Пайс университеті түлектері Санат:АҚШ президенттігіне үміткерлер (2024) Санат:Пайс университеті оқытушылары Санат:Дональд Трамптың екінші кабинеті