«Ақмешіт апталығы» – Қызылорда қаласы әкімдігінің ресми газеті. Басылым 1994 жылғы 15 сәуірден бастап жарық көруде.

Тарихы Газет алғашқыда 2000 данамен басылып шыққан. 1998 жылы таралымы 11 150 данаға жетті. 2005 жылғы 8 желтоқсанда газеттің 600-ші саны жарық көрді.

2016 жылы басылымның ресми сайты іске қосылып, ақпараттар әлеуметтік желілерде де таратыла бастады. Сайт арқылы 6 мыңнан астам адам жаңалықтарды оқи алады. Мақсаты мен мазмұны Басылымның негізгі мақсаты – қазақ тілін насихаттау, ұлттық руханиятты дамыту және қоғамның өзекті мәселелерін көтеру.

Газетте әртүрлі айдарлар бар, олар:

«Қала тынысы» «Оймақтай ой» «Патриот» «Жан азығы» «Отбасы» «Қолтаңба» «Қоғамдық қабылдау» және т.б.

Қазіргі жағдайы 2023 жылғы мәліметке сәйкес, газет аптасына 2 рет шығады, таралымы – 3101 дана.СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2023 Газета бас редакторы — Ділдәбекова Гүлмира Мағлұмқызы.

Дереккөздер

Санат:Қазақ тілді газеттер Санат:Қызылорда облысы газеттері