«Лиферинг» () — Аустрияның Зальцбург қаласынан шыққан футбол клуб, бұрын «Аниф» атауымен өнер көрсеткен. 1947 жылғы 20 мамырда негізі қаланған. Қазіргі уақытта клуб Аустрияның футбол бойынша екінші деңгейлі Бірінші лигасында ойнайды. 2012 жылдан бастап Аустрия Бундеслигасында ойнайтын Ред Булл Зальцбург клубының фарм-клубы болып табылады.

Тарихы Құрылған кезеңі және алғашқы жылдары Аниф спорт клубы 1947 жылы гимнастикамен айналысқысы келген әйелдер тарапынан құрылды. 1948 жылы клубтың футбол бөлімі ашылды. Клубтың өрлеу кезеңі 1970-жылдарға сәйкес келді. 1978/79 маусымында команда Аустрияның Бірінші лигасында ойнады, бірақ сәтсіз өнер көрсетіп, чемпионатта бар болғаны 8 ұпай жинады. Бұл лига тарихындағы ең нашар нәтижелердің бірі болып саналады.

2003—2012 жылдар 2003/04 маусымында олар Аустрияның Аймақтық лигасына (Regionalliga) көтерілді, бірақ сол маусымда-ақ лигадан шығып қалды. 2007/08 маусымынан бастап Аниф футбол клубы Аймақтық лигада тұрақты орын алды. 2010/11 маусымында клуб Ред Булл Зальцбург командасымен серіктестік орнатты. Негізгі құрамға енбеген Ред Булл Зальцбург ойыншылары Анифке жіберілетін болды.

Ред Булл Зальцбург фан-клубы thumb|left|Лиферинг - Лафнитз ойыны (18 сәуір 2022) 2011 жылдың желтоқсанында Ред Булл Зальцбург Пашинг және Аниф клубтарымен серіктестік туралы келісімшартқа қол қойды. Ред Булл Зальцбург жасөспірімдер командасы (жаттықтырушыларды қоса алғанда) осы екі клубқа бөлінді.

2012/13 мацсымынан бастап клуб атауын Лиферингке ауыстырды.

2013/14 маусымынан бастап Лиферинг Аустрияның Бірінші лигасында ойнайды.

Дереккөздер

Санат:Аустрия футбол клубтары