Асламбек Амангелдіұлы Мерғалиев (2 сәуір 1972 жыл, Ертіс ауданы, Павлодар облысы) — қазақстандық заңгер және саясаткер, 2022 жылдан бастап Жоғарғы сот төрағасы.

Білімі 1999 жылы Стамбул мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы 1998-1999 жж. – Екібастұз қаласындағы жекеменшік фирманың заңгері.

1999-2001 жж. – Павлодар облысы Әділет басқармасының бас маманы.

2001-2003 жж. – Павлодар облыстық сотының бас маманы.

2003-2007 жж. – Павлодар қалалық сотының судьясы.

2007-2008 жж. – Павлодар облысы Екібастұз қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы.

2008-2012 жж. – Екібастұз қалалық сотының төрағасы.

2012-2014 жж. – Павлодар қаласы №2 сотының төрағасы.

2014-2015 жж. – Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы.

2015-2020 жж. – Қостанай облыстық сотының төрағасы.

2020-2022 жж. – Ақтөбе облыстық сотының төрағасы.Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасы ұсынылды

2022 жылдың 8 желтоқсанынан бастап – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы. 2026 жылғы 8 шілдеде лауазымына қайта тағайындалды.А.А. Мерғалиевті тағайындау туралы

Отбасы Үйленген, жұбайының есімі — Гүлсара Мерғалиева (1973 жылғы). Үш баласы бар: Әмина (1996 жылғы), Адель (2002 жылғы), Ерсұлтан (2007 жылғы).Мергалиев Асламбек Амангельдинович

Дереккөздер

Санат:Қазақстан заңгерлері Санат:Қазақстан Жоғарғы Сотының төрағалары