Панфилов ескерткіші – Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген монументтік өнер құрылысы ескерткіші.
Орналасқан жері Алматы қаласы, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябағының Достық даңғылы мен Қазыбек би көшесінің қиылысы.
Сипаты Ескерткіш Кеңес Одағының Батыры Иван Васильевич Панфиловқа 1968 жылы қойылған. Мүсіншісі Б.А. Төлеков, сәулетшісі Т.Қ. Бәсенов. Мүсіндік портретте бейне кеудеден жоғары тұлғаланған. Биіктігі - 2 м. Тұғыры сұр граниттен жасалып, етегі өрнекпен әшекейленген.Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Алматы сәулеті Санат:Алматы ескерткіштері