Бердіқұл Әбдіәзімұлы Рыскелдиев (1953 жылы туған, Шардара ауданы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (2002).
Өмірбаяны Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтын (1974), осы институттың аспирантурасын бітірді. Еңбек жолын Көкшетау қаласындағы ет комбинатында мастер болып бастады. Содан 20 жыл бойы педогогикалық қызмет атқарды. 1996 жылдан Алматы технологиялық университетінде декан.
Ғылыми еңбектері Ұлттық ет өнімдерінің технологиясын биотехникалық әдістер негізінде жетілдіру тақырыбын зерттеп, 160-тан астам ғылыми еңбегі, 5 кітапшасы, монографиясы жарық көрген, 9 авторлық куәлігі бар. Республикалық ғылыми бағдарлама бойынша зерттеулерге қатысуда, Қазақстан мен Қырғызстандағы докторлық диссертация қорғайтын арнайы ғылыми кеңестің мүшесі."Оңтүстік Қазақстан Энциклопедиясы"
Дереккөздер
Санат:1953 жылы туғандар Санат:Шардара ауданында туғандар Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институты түлектері Санат:Алматы технологиялық университеті оқытушылары