Узункёпрю (түр. Uzun köprü) — XV ғасырдағы османдық көпір, Түркияның Узункёпрю қаласына атын берген.John Freely. A History of Ottoman Architecture. WIT Press, 2011. P. 91., 464 p. Түрік тілінен аударғанда — «ұзын көпір».

Көпір 1426 және 1443 жылдар аралығында Осман сұлтаны II Мұрадтың бұйрығымен сарай сәулетшісі Мұслихиддин тарапынан салынған. Ежелгі тас көпірдің 174 аркасы бар. Ұзындығы 1392 метр және ені 6,8 метрге дейін жетеді. Кейбір аркалар үшкір, ал кейбірі дөңгелектелген. Құрылыс аяқталған кезде ол Осман империясындағы ең ұзын көпір болып, кейіннен Түркияда да ең ұзын көпір атағын иеленді. Бұл атақты Узункёпрю көпірі 530 жыл бойы сақтап, 1973 жылы Ыстанбұлдағы Босфор көпірі оны басып озды. Алайда Узункёпрю әлі де болса Түркиядағы ең ұзын тас көпір болып табылады.

Көпір Эргене өзенін кесіп өту үшін салынған, өйткені бұл өзен Осман империясының Балканға бағытталған алға жылжуына табиғи тосқауыл болды; сондықтан оның ескі атауы — Эргене көпірі (османша Cisr-i Ergene‎). Көпір батпақты төмен жазықтарды кесіп өту үшін осылайша ұзын салынған. 1963 жылы қайта қалпына келтірілген.

Узункёпрю көпірі арқылы Эдирне — Измир автомагистралі D.550 / E87 өтетін. Бұл жол 2015 жылы салынған жаңа көпірге ауыстырылды, және тарихи көпір арқылы ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды.

Дереккөздер

Санат:Түркия тас көпірлері Санат:ЮНЕСКО-ның алдын ала әлемдік мұра тізіміне енген объектілер Санат:Арка тәрізді көпірлер