Әмет-хан Сұлтан (20 қазан 1920 жыл, Алупка – 1 ақпан 1971 жыл, Мәскеу облысы) — кеңестік кәнігі шебер ұшқыш, Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан екі мәрте Кеңес Одағының Батыры.
Ұлты қырымтатар болған Сұлтан КСРО Әскери-әуе күштерінің мүшесі ретінде Ұлы Отан соғысында өзі 30 сарбаздың және бірлесіп 19 сарбаздың көзін жойған. Әкесінің лак болғаны арқасында Қырым татарларының депортациясынан құтылғанына және үкіметтен келген қысымға қарамастан Сұлтан құжаттағы ұлтын лак ұлтына өзгертуден бас тартты. Соғыстан кейін Әмет-хан Сұлтан М. М. Громов атындағы Ұшу-зерттеу институтында сынаушы ұшқыш болып жұмыс істеген, 96 түрлі типтегі ұшақтар басқаруды игерді. 50 жастағы Әмет-хан 1971 жылғы Ту-16 бомбалаушы ұшақ сынағы кезінде қайтыс болды.
Ерте жылдары Әмет-хан Сұлтан 1920 жылғы 20 қазанда, Алупка, Қырымда, қырымтатар анасы және лак әкесі отбасында дүниеге келген. 1937 жылы ол орта мектепті бітіріп, кейін Симферопольдегі теміржолшылар училищесін, сондай-ақ Заводское әуежайындағы аэроклубта оқыды, 1938 жылы жергілікті темір жол депосында слесарь болып жұмысқа орналасып, 1938 жылы ұшу даярлығын бітірді. 1939 жылғы ақпанда ол Қызыл Армия қатарына алынып, Кача жоғарғы әскери авиациялық училищесіне оқуға жіберілді, оны 1940 жылы бітіріп, 122-жойғыш авиация полкіне тағайындалды. Әмет-хан есімі анда-санда құрбы-құрдастарының мысқылына ілінетін, бірақ ол өзі де «мен хан да, сұлтанмын да» деп әзілдейтін. Достары мен туыстарының көбі оны Сұлтан емес, Әмет-хан деп атайтын.
Екінші дүниежүзілік соғыс 1941 жылы Нацистік Германия Кеңес Одағына басып кіргенде Әмет-хан 4-жойғыш авиация полкінде ұшқыш еді. Соғыс басталғанда ол ескірген И-153 ұшағымен Дондағы Ростов үстінде ұшып жүріп, қорғаныс операцияларын орындау үшін дереу алдыңғы шепке жіберілді. 1942 жылы қыстыгүні көп шығынға ұшыраған полк қайта дайындық алып, жаңа Hawker Hurricane жойғыш ұшағын пайдалануды үйренді. 1942 жылғы наурызда полк Ярославль қаласын қорғауға жіберілді, бұл жерде Әмет-хан 1942 жылғы 31 мамырда әуедегі алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді: оқ-дәрілері таусылған соң өз жойғыш ұшағымен Junkers Ju 88 бомбалаушы ұшағына таран жасап, қанатын кесіп алған. Қолы мен басынан жеңіл жарақат алған ол жанып жатқан ұшақтан секіріп, жерге парашютпен түсті. Түскен ауылда бір күн қонып, айыққан ол ауруханада бола тұрды да, көп ұзамай полкіне оралды. Ерлігі үшін Әмет-ханға арналып Ярославльде еске алу тақтасы орнатылды, Әмет-ханның өзі Ленин орденімен марапатталды.
1942 жылы жаздыгүні Әмет-хан тағы тоғыз әуе жеңісіне қол жеткізді. Олардың көбісі бірлесіп, Воронеж үстінен, Hawker Hurricane-дерде жасалған. Тамызда Әмет-хан Сталинградта Як-7-де ұшуға қайта тағайындалған, түнде шайқасқан полктің тұңғыш сарбаздардың бірі болғаны үшін ол мақтаулы болды. Сталинград шайқасында ол тез жетіліп келді де, қазан айында беделді 9-гвардиялық жойғыш авиациялық полкқа тағайындалды, полк осы кезге қарай кәнігі шебер ұшқыштардан ғана тұратындай қайта құрылған еді. Полк құрамында осы кезде ең жемісті ұшқыш Михаил Баранов пен тұңғыш әйел кәнігі ұшқыш Лидия Литвяк бар еді. 1942 жылғы тамызда, Сталинград үстінде Әмет-ханның Як-7 ұшағы атылды да, ол парашютпен қайта түсуге мәжбүр болды. 1942 жылғы қарашадан соғыстың соңына дейін ол 9-гвардиялық авиация полкі эскадрильясына көшбасшылық етті.
Bell P-39 Airacobra ұшағын басқаруға үйренген Әмет-хан 1943 жылы Дондағы Ростов үстінен шайқасты, Таганрог, Мелитополь мен Қырымды қайтару операциясы кезінде Кубань үстінен біраз ұрыс көрді. 1943 жылғы 24 тамызда ол Оңтүстік, Брянск пен Сталинград майдандарындағы, оған қоса Молдова, оңтүстік Украина, Ярославльдегі жетістігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағымен марапатталды. Британдық тарихшылар Томас Полак пен Кристофер Шорс 1943 жылғы қыстыгүні, Сталинград шайқасындағы Ju 88-ге жасалған екінші таранды Әмет-хан жасады деп айтады, алайда ресми кеңестік құжаттарда бұл ақпарат жазылмаған.
нобай|оңға|Як-7 ұшағы алдындағы Әмет-хан Сұлтан, Сталинград
1944 жылғы 18–20 мамыр күндері Әмет-хан Сұлтан Алупкадағы отбасымен кездесіп, қысқаша демалыс алуға рұқсат алды. Бұдан бұрын көп ұзамай Кеңес Одағы Қырымды қайтарып алған еді. Әмет-хан Сұлтан Қырымға бірнеше досын, соның ішінде Павел Головачёвті шақырды. Бір күні таңертең НКВД офицері Әмет-ханның үйіне басып кіріп, Әмет-ханды және оның ата-анасын Қырымнан кетуге мәжбүрлемек болды, бірақ олар бастапқыда кетуден бас тартты және Әмет-хан НКВД офицерімен күреске түсті. Көп ұзамай Әмет-хан өзінің Кеңес Одағының Батыры болғанын дәлелдеді де, сол кезде оқиға орнында болған Головачёв бұл ақпаратты растады. НКВД офицері оның ұлты туралы сұрай бастады. Әмет-хан техникалық жағынан дағыстандық екен деп шешкен офицер бүкіл Қырымтатар халқын депортациялау туралы бұйрықтың бар екенін және ағасы Имран коллаборационист болғаны үшін іздеуде жүргенін айтты. Күні бойы НКВД қырым татарларын депортациялауды жалғастырды да, Әмет-ханның анасы қырымтатар болғаны үшін тасымалдау пунктіне жіберілді, бірақ Әмет-ханның достары болған Әскери-әуе күштерінің басқа қызметкерлері НКВД-ға оның лакқа үйленгені үшін заң көзінше қырым татары болмай қалғанын хабарлады. Әмет-ханның ата-аналарын осылайша депортациядан аман қалды; алайда оларға әзірше Дағыстанға уақытша қоныс аударуға кеңес берілді. Ақыр аяғында Имран 1946 жылы сотталды, бірақ Әмет-хан жанұясы Қырымда қала берді.
Депортацияны көрген Әмет-хан полкіне оралып, әскери қызметін жалғастыра берсе де, ауыр депрессиядан азаптанды. Кёнигсберг операциясы кезінде ол әріптесінің өмірін сақтап қалды. Жалпы санағанда, Әмет-хан Сұлтан бір өзі 30 сарбаздың және бірлесіп 19 сарбаздың көзін жойған.
Соғыстан кейінгі өмірі нобай|оңға|Сынаушы ұшқыш Әмет-хан Сұлтан
Соғыстан кейін ол Монино қаласындағы Әскери-әуе күштері академиясында оқыды; Қарулы Күштер Жоғарғы Қолбасшысының бұйрығынша соғыстан аман қалған барлық кәнігі шебер ұшқыштардың сол академияға қатысқаны міндетті еді. Алайда, төменгі орта біліміне байланысты Әмет-хан курстарды қиын деп тапты, ақырында 1946 жылы мектептен кетуге рұқсат алды. Біраз уақытқа авиациядан кеткен Сұлтан ауыр депрессиядан азаптанды. Ақыр аяғында Әмет-ханның бұрынғы әріптестері, ұшқыштар Александр Покрышкин, Алексей Алелюхин мен Владимир Лавриненков оның М. М. Громов атындағы Ұшу-зерттеу институтында сынаушы ұшқыш болғанын өтінді. 1947 жылғы ақпанда ол бұл өтінішті орындады. 1952 жылы ол 1-сыныпты сынаушы ұшқыш деңгейіне жетті.
1971 жылғы 1 ақпан күні, Ту-16 бомбалаушы ұшағын сынап жатқан кезде Әмет-хан Сұлтан апатқа түсіп, қайтыс болды. Ол Новодевичье зиратында жерленді.
Өз өмірі 1944 жылы жаздыгүні болған Мәскеудегі дайындықта Әмет-хан Фаина Максимовна Данильченко есімді әйелмен танысты. 1952 жылы олар неке құрды. Жұптың екі ұл баласы болған, Станислав пен Арслан; олардың екеуі де әскери қызметпен айналысатын болды. Фаина Әмет-ханның денсаулығы үшін уайымдап, оның сынаушы ұшқыш болғанына қарсы еді, 50-туған күнінде зейнеткерлігін бастағанын сұрады. Әмет-хан Фаинаның сөзіне құлақ аспады. Фаина мен Арсланның екеуі де Әмет-хан өлімінен көп ұзамай қайтыс болды.
Саясатпен айналысқаны Әмет-хан Кеңес Одағында қырым татарларының оңалту және елге оралу құқығын ашық түрде талап еткен алғашқы адамдардың бірі болды. Қырымда тұрған КОКП-ның өзге де мүшелерімен бірге ол Қырым татарларының оралуы жайлы петицияға қол қойды.ЦГАООУ. Ф.1. Оп. 24. Д. 4248. Л. 287—294. Заверенная копия. Хрущёвтің шешендер мен қарашайларға оралу құқығын бергеніне және қырым татарларының депортациясын сынға алғанына қарамастан петиция талаптары үкімет тарабынан орындалмады. Қайта құру кезеңіндегі қырым татарларының Отанына оралуын Әмет-хан көзі тірісінде көрмей кетті. Кейінгі жылдары ол қырым татарларының түрлі активистері мен басшыларымен кездесіп көрген еді.
Ескертпелер
Дереккөздер
Қолданылған әдебиет
Санат:Авиация подполковниктері (КСРО) Санат:Алфавит бойынша тұлғалар Санат:Екі мәрте Кеңес Одағының батырлары Санат:Кача жоғарғы әскери авиациялық училищесі түлектері Санат:Ұлы Отан соғысы ұшқыштары Санат:Сталинград шайқасының қатысушылары Санат:Днепр үшін шайқасқа қатысушылар Санат:Таран жасаған ұшқыштар Санат:Ұшу-зерттеу институты қызметкерлері Санат:РКФСР-дағы әуе апаттарында қайтыс болғандар Санат:Жауынгерлік техниканы сынағанда қайтыс болғандар Санат:КОКП мүшелері Санат:Новодевичье зиратында жерленгендер Санат:КСРО сынаушы ұшқыштары