1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары () — КСРО ІІХК — КСРО мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы жоғарғы басқарушы құрамның арнаулы атағы.
Бұдан кейінгі төменгі шен: 2-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары. Келесі жоғары атақ: Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары.
КСРО ОАК мен КСРО ХКК 7.10.1935 ж. қаулысымен енгізілген, КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 6.7.1945 ж. қаулысымен жойылды.
1-дәрежелі командарм, 1-дәрежелі армия комиссары, 1-дәрежелі флот флагманы (1935-1943), армия генералы, флот адмиралы (1943-1945) әскери атақтарына сәйкес болған.
1945 жылы 6 шілдеде КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының «КСРО ішкі істер халық комиссариаты мен мемлекеттік қауіпсіздік халық комиссариаты қолбасшылық құрамының шендері, киім түрі және айырым белгілері туралы» жарлығымен МҚХК және ІІХК басқарушы құрамының арнайы атақтары, тиісінше, жалпыәскерлік әскери атақтар және милицияның арнайы атақтарымен ауыстырылды. Осыған байланысты қайта куәландыру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша КСРО ХКК 07.09.1945 жылғы № 1663 қаулысымен сол кездегі жалғыз 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссары Всеволод Николаевич МЕРКУЛОВ — КСРО мемлекеттік кауіпсіздік халық комиссарына армия генералы атағы берілді.
Жалпы, бұл арнаулы атақ мемлекеттік қауіпсіздік органдарының тоғыз жетекшісіне берілді. Олардың барлығы атылу жазасына кесілді: жетеуі — Сталиндік қуғын-сүргін жылдарында, екеуі — И.В. Сталин дүние салған соң.
1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарларының тізімі Арнайы атақ беру кезіндегі лауазымдары көрсетілген.
26.11.1935 — Агранов Яков Саулович (1893—1938), КСРО Ішкі істер халық комиссарының орынбасары, ату жазасына кесілген 26.11.1935 — Балицкий Всеволод Аполлонович (1892—1937), Украина КСР ішкі істер халық комиссары, ату жазасына кесілген 26.11.1935 — Дерибас Терентий Дмитриевич (1883—1938), Қиыр Шығыс бойынша ІІХК Басқармасының басшысы, ату жазасына кесілген 26.11.1935 — Заковский Леонид Михайлович (1894—1938), Ленинград бойынша ІІХК Басқармасының басшысы, ату жазасына кесілген 26.11.1935 — Прокофьев Георгий Евгеньевич (1895—1937), КСРО ішкі істер халық комиссарының орынбасары, ату жазасына кесілген 26.11.1935 — Реденс Станислав Францевич (1892—1940), Мәскеу облысы бойынша ІІХК Басқармасының басшысы, ату жазасына кесілген 05.07.1936 — Благонравов Георгий Иванович (1895—1938), КСРО ІІХК Тас жолдары құрылысы бас басқармасының басшысы, ату жазасына кесілген 11.09.1938 — Берия Лаврентий Павлович (1899—1953), КСРО ішкі істер халық комиссарының бірінші орынбасары, 1941 жылдан бастап — Мемлекеттік қауіпсіздік бас комиссары, 1945 жылдан бастап — Кеңес Одағы маршалы, ату жазасына кесілген 04.02.1943 — Меркулов Всеволод Николаевич (1895—1953), КСРО ішкі істер халық комиссарының бірінші орынбасары, 1945 жылдан бастап — армия генералы, ату жазасына кесілген
Айырым белгілері
Негізгі мақалада ІІХК шендері мен айырым белгілерін реттейтін ережелер мен қаулылар талқыланады. 1937 жылдан бастап 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарының айырым белгісі — жеңдегі төрт алтын жұлдыз тігісі - үшеуі қатар, төртіншісі ортадан жоғары. Айырым белгілері екі жеңге де тағылған. Бекітілген үлгідегі жеңнің арнайы белгісі сол жақ жеңге киеді. Бойлық алтын ширатылған жолақтары бар қалақай түсті ілгектер. 1936 жылы 30 сәуірде ІІХК бұйрығымен қызметкерлердің жеңдік айырым белгілері ілгектерге де көшірілді. 1937 жылы МҚББ куәландырылған қызметкерлеріне армиядағыға ұқсас ілгектер енгізілді: 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарлары үшін жұлдыздар «ромбылармен» ауыстырылып, оның үстінде бір алтын жұлдыз (1-дәрежелі армия комиссарларындағыдай) орналасты. 1943 жылы наурызда мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлері үшін иық белгілері енгізілді. 1-дәрежелі мемлекеттік қауіпсіздік комиссарының айырым белгісі армия генералының иық белгілеріне ұқсас генералдық үлгідегі 4 жұлдызды иық белгілеріне айналды.
Санат:Мемлекеттік қауіпсіздік комиссарлары Санат:КСРО мемлекеттік қауіпсіздік қызметкерлерінің шендері