Нико-Ян Хогма (; 26 қазан 1968 жыл, Херенвен, Нидерланд) — бұрынғы нидерланд футболшысы, қорғаушы болып ойнаған.

Мансабы Нико-Ян Хогма өзінің кәсіби мансабын Камбур клубында бастады, ал үш жылдан кейін Твенте командасына ауысты. 1998 жылы Германияға көшіп, онда Гамбург клубында ойнады, кейін мансабын 38 жасында Хераклес құрамында аяқтады.

2007 жылы 1 қаңтар мен 2018 жылы 1 наурыз аралығында ол Хераклес клубының басқарушы директоры қызметін атқарды. 2018 жылы 1 наурыздан бастап Нидерландтың Корольдік футбол қауымдастығында (KNVB) футбол директоры қызметін атқарып келеді.

Жеке өмірі Нико-Ян Хогма Хераклес клубының қорғаушысы Юстин Хогманың әкесі.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Гамбург ФК ойыншылары Санат:Хераклес ФК ойыншылары Санат:Твенте ФК ойыншылары