Ыбырайым Таусиқұлы Тәжиев (20.4. 1904, қазіргі Сырдария ауданы Қараөзек өңірі – 28.9.1960, Мәскеу) – мемлекет қайраткері, техника ғылымдарының кандидаты (1948).

Өмірбаяны 1919 – 1920 жж. Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленді. Қазақ халық ағарту институтын (1923), Ленинград (Санкт-Петербург) политехникалық институтын (1931) бітірген. 1931 – 1933 жж. Мәскеудегі «Оргэнерго» мемлекеттік тресінде инженер, қуат тобы меңгерушісінің орынбасары, «Средазэнерго» тресінің бастығы болып істеді. 1933 – 1937 жж. Алматы орталық электр станциясының құрылысының, Алматы электр энергиясы басқармасының бастығы. 1937 – 1940 жж.[Қазақ КСР Коммуналдық шаруашылық халық комиссарының орынбасары, халық комиссары, Қазақ КСР ХКК төрағасының орынбасары болды. 1940 – 1943 жж. Қарағанды СЭС-і құрылысының бастығы, КСРО электр станциялары халық комиссариатының бүкілодақтық «Главпромэнергомонтаж» бас басқармасының бастығы. 1943 – 1953 жж. Республикалық мемлекеттік жоспарлау комиссиясының төрағасы және ХКК төрағасының орынбасары, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары. 1954 – 1959 жж. Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды. 1959 – 1960 жж. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің тұрақты өкілі болды.

Марапаттары 3 рет Еңбек Қызыл Ту «Құрмет белгісі» ордендерімен медальдармен марапатталған.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:20 сәуірде туғандар Санат:1904 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:28 қыркүйекте қайтыс болғандар Санат:1960 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Қазақстан вице-министрлері Санат:Қазақстан коммуналдық шаруашылық министрлері Санат:Қазақстан премьер-министрінің орынбасарлары Санат:Қазақстан Компартиясы ОК хатшылары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері