Фрунзе мұздығы – Іле Алатауының солтүстік беткейіндегі аспалы аңғарлық мұздық.
Орналасқан жері Сол Талғар өзенінің бастауында орналасқан.
Аумағы Жалпы ұзындығы 2,7 км, ашық бөлігі – 2,4 км. Ауданы 2,5 км2, ашық бөлігі – 2,3 км2. Абляциялық ауданы 1,0 км2. Мұзының көлемі 0,11 км3. Жалпақ келген фирн алаңы солтүстік және солтүстік-батысқа бағытталған. Фирн сызығы 3860 м биіктікте жатыр, мұздық тілі 3629 м-ге төмендейді. Моренасының шөгінді қабаты сол жағында Мәрмәрлі мұздығы моренасына ұласады. Алматы. Энциклопедиялық анықтама. Бас редакторы М.Қ. Қозыбаев. Алматы қ. 1983 ж.
Дереккөздер
Санат:Алматы облысы мұздықтары Санат:Іле Алатауы