Халықтық сәулет және тұрмыс мұражайы (Шевченко тоғайы) () — Львовтағы ашық аспан астындағы мұражай (Украина). Ресми атауы: Климентий Шептицкий атындағы халықтық сәулет және тұрмыс мұражайы.

Тарихы Львовтағы Климентий Шептицкий атындағы халықтық сәулет және тұрмыс мұражайы — 1971 жылы құрылған ашық аспан астындағы мұражай. Ресми құрылған күннен бастап және бүгінгі күнге дейін мұражай Украинаның батыс аумақтарының мәдениетін, халықтық сәулетін және ежелгі өмірін сақтау, зерттеу және танымал етумен айналысады.

Мұражайда жыл сайын дәстүрлі Рождество және Пасха мерекелері өтеді, көне қолөнермен, Пасха жұмыртқасына сурет салумен және халық аспаптарында ойнаумен танысуға болады. Мұражай балалар мен ересектерге арналған шеберлік сабақтарын үнемі өткізеді. Бүгінгі күні мұражайда мұражай қызметкерлері, қаржы және шаруашылық қызметкерлері, құрылыс қалпына келтірушілер, сәулетшілер, көркем қалпына келтірушілер, ғылыми қызметкерлер және т.б. 120-ға жуық адам қызмет етеді.

Мұражайды құруға 300-ден астам ғалымдар қатысты, олар материалдық мәдени мұраның бірегей үлгілерін зерттеп, қалыптастырды. Мұражайға іргетасы қаланған күннен бастап 5 миллиондай келушілер келіп қызықтады.

Сипаттама Саябақ шартты түрде аймақтарға бөлінген, мұнда Украинаның түкпір - түкпірінен ескі тұрғын үйлердің үлгілері жинақталған — Полесье, Волынь, Львов, Бойковщина, Лемкивщина, Гуцульщина және Закарпатье орналасқан, олардың әрқайсысы Батыс Украинаның бір немесе басқа ұлтының өмірін білдіреді. Барлық экспонаттар бұл 120 дан астам сәулет ескерткіштері — бұл жұмыс істеп тұрған нағыз ауыл үйлері, шіркеулер, мектептер, диірмендер. Олар Шевченко тоғайына мұқият ауыстырылды, осылайша ашық аспан астындағы ең үлкен және әдемі мұражайлардың бірін құрды.

Мұражай ауданы 60 гектарды құрайды, мұражайдың ең үлкен құндылығы - 1812 жылы салынған ат қорасы бар кешен. 1903 жылғы Бойко үйі де бар. Бүгінде ұлттық құндылыққа ие болған 1763 жылғы ағаш шіркеу де сәулетімен таң қалдырады. Сондай-ақ мұражайда Батыс Украинаның түкпір-түкпірінен жиналған 20 мыңнан астам халық өмірінің заттары бар.

Мұражай таулы ландшафтты, Карпаттың қалпына келтірілген өсімдіктерін және Батыс Украинаның әртүрлі аймақтарынан көшірілген тарихи ғимараттарды сәтті біріктіреді.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Украина мұражайлары Санат:Львов мұражайлары