Михаило Милованович (24 ақпан 1879, Гостиница — 28 қараша 1941, Ужице) — серб суретшісі, мүсінші, жазушы. Сербия суретшілері қауымдастығының (Udruženje likovnih umetnika Srbije) негізін қалаушылардың бірі, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Сербия армиясының Жоғарғы қолбасшылығы жанындағы әскери суретші болған.Михайло Милованович, забытый автор портретов сербских воевод. Драгана Келеч, 2013
Өмірбаяны 1905 жылы Михаило Милованович Мюнхендегі Көркемөнер академиясына оқуға түседі. Онда оның ұстаздары профессор Людвиг фон Гертерих пен Гюго фон Хаберман болған. 1909 жылы аталған академияны тәмамдаған соң, Михаило Прагадағы Өнер академиясында оқуын жалғастырды.
1912 жылы Милованович Сербияға оралады. Бірінші Балқан соғысы басталғанда, ол әскерге ерікті ретінде қосылған еді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Сербия армиясының Жоғарғы қолбасшылығы жанындағы әскери суретші болды. Осы кезеңде ол патша I Петрдың, регент Александрдың, Павле Юришич-Штурмның, Степа Степановичтің, Радомир Путниктің, Живоин Мишичтің және Петар Бойовичтің портреттерін жазды.
1938 жылы Белград қаласында оның картиналарының көрмесі өтті.
Михайло Милованович 1941 жылғы 28 қарашада Ужице қаласында коммунистердің қолынан қаза тапты. Оған опасыздық жасады деген айып тағылған болатын.Наследие художника Михаила Миловановича
Михайло Миловановичтің есімі ұзақ уақыт бойы ұмыт болып, 2004 жылға дейін үнсіздік құрсауында қалды. Оның көптеген шығармаларын Белградтағы өнер мекемелері Милан Миловановичтің атына теліген. Суретшінің ұлы Момчило Милованович әкесінің жақсы атын қалпына келтіру үшін көп жыл бойы күресіп, оның еңбектерін жинаған. Осы күш-жігердің нәтижесінде 2004 жылы Ужице ұлттық мұражайы Сербияның Мұражай қоғамының «Михаило Вальтрович» сыйлығына ие болды — бұл марапат суретші Михаило Миловановичтің мұрасын жинау және музейлік түрде ұсыну ісі үшін берілген.
2007 жылы Ужице қаласының округтік соты Михайло Миловановичтің жақсы атын ресми түрде ақтап, оның саяси және идеологиялық себептермен қудалауға ұшырап, қаза тапқанын мойындады.
Марапаттары Михайло Милованович Святой Савва орденімен және Югославия тәжінің үшінші дәрежелі орденімен марапатталған.
Дереккөздер
Сілтемелер Михаил Миловановичтің галереядағы картиналары
Санат:Сербияда туғандар Санат:Югославия суретшілері Санат:Сербияда қайтыс болғандар