Мағзам Тоғжанұлы Баяндаров (25 қыркүйек 1957, Бобровка ауылы, Глубокое ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет және қоғам қайраткері.
Өмірбаяны Баяндаров Мағзам Тоғжанұлы 1957 жылы 25 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Бобровка ауылында дүниеге келген.
Білімі 1985 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы 1987 жылға дейін ҚазМУ комсомол комитетін басқарды.
1987-1990 жылдары заң факультетінде ұстаз болып жұмыс істеді.
1990-1992 жылдары ҚазМУ партия комитеті хатшысының орынбасары болды.
1992–1994 жылдары — Алматы қаласы әкімшілігі басшысының бірінші орынбасарының көмекшісі қызметін атқарды.
1995–1997 жылдары — Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
1997 жылдың қазанынан 2005 жылдың қаңтарына дейін — Алматы қаласы әкімі аппаратының жетекшісі лауазымында еңбектенді.
2005 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Өскемен қаласының әкімі болды. .
2005 жылдың мамырынан бастап — Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
Дереккөздер
Санат:Өскемен әкімдері