«Бертли Таун» (;) — Англияның Бертли қаласындағы футбол клубы, қазір Northern Football League, Дивизион 1 ойнайды. Өз алаңындағы ойындарын "Birtley Sports Complex" аренасында өткізеді.
Тарихы Бертли футбол клубы 1889 жылы Солтүстік лигасының (Northern League) негізін қалаушылардың бірі болды. Алайда алғашқы маусымда соңғы орыннан бір саты жоғары орын алып, лига құрамынан шығып кетті. Кейін олар Солтүстік альянсқа (Northern Alliance) қосылды, бірақ тағы да бір маусымнан соң кетіп қалды. 1895 жылы альянсқа қайта оралып, 1897–98 маусымында соңғы орын алды, сосын 1900 жылы қайтадан лигадан шығып қалды. Клуб лигаға үшінші рет 1909 жылы оралды және 1913–14 маусымында екінші орын алды. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1923–24 маусымында олар чемпион атандыNorthern Alliance 1919–1960 Non-League Matters.
1926 жылы Солтүстік альянс Солтүстік-Шығыс лигасына (North Eastern League) біріктірілді, және Бертли екінші дивизионның мүшесі атандыNorth Eastern League 1906–1933 Non-League Matters. Олар бұл лигада 1935 жылға дейін ойнады, кейін Уирсайд лигасына (Wearside League) ауыстыNorth Eastern League 1933–1964 Non-League Matters. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін клубтың атауы Бертли Таун болып өзгертілді және 1945–46 маусымында Уирсайд лигасының чемпионы атандыWearside League 1919–1960 Non-League Matters. Алайда 1949–50, 1950–51 және 1951–52 маусымдарында қатарынан соңғы орын алып, лига құрамынан шығып қалды.
1990-жылдардың басында жаңа Бертли Таун клубы құрылып, 1992 жылы Уирсайд лигасының екінші дивизионына қосылды. Олар 1994–95 маусымында екінші дивизион чемпионы атанып, бірінші дивизионға көтерілді. 1997–98 маусымында клуб Лига Кубогын жеңіп алдыThe History of the Wearside League: 1990s Wearside League, ал 2001–02 маусымында Лига Кубогын және Monkwearmouth Charity Кубогын қатар жеңіп шықты The History of the Wearside League: 2000s Wearside League. Келесі маусымда клуб Уирсайд лигасының чемпионы атанды. 2003–04 және 2004–05 маусымдарында екінші орын иеленіп, 2005–06 маусымында үшінші рет Лига Кубогын жеңіп алды. 2006–07 маусымында тағы да чемпион атанып, Солтүстік лиганың екінші дивизионына көтерілді.
2009–10 маусымында Бертли Таун екінші дивизионда соңғы орын алды, бірақ төмендетілген жоқ. Алайда 2015–16 маусымында олар соңғы орыннан бір саты жоғары болып, Солтүстік альянстың Премьер-дивизионына төмендетілді. 2017–18 маусымында Премьер-дивизионда екінші орын алып, Лига Кубогының жеңімпазы атанды және Солтүстік лиганың екінші дивизионына қайта көтерілдіRoll of Honour Northern Alliance. 2022–23 маусымында клуб екінші дивизионда бесінші орынды иеленіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Жартылай финалда Horden Community Welfare клубын пенальти сериясында (негізгі уақыт — 2:2) 5–4 есебімен жеңіп, финалда Биллингем Таун командасын пенальти арқылы жеңіп, бірінші дивизионға көтерілді . Келесі маусымда клуб бірінші дивизионда төртінші орынды иеленіп, тағы да плей-оффқа өтті. Алайда жартылай финалда Хитон Стэннингтон клубынан 1–0 есебімен жеңіліп қалды.
Жетістіктері Wearside League Чемпион: 2002–03, 2006–07 Дивизион 2 чемпионы: 1994–95 League Cup жеңімпазы: 1997–98, 2001–02, 2005–06 Northern Alliance League Cup жеңімпазы 2017–18 Monkwearmouth Cup Чемпион: 2001–02
Дереккөздер
Санат:Англия футбол клубтары