Антагонист — бұл әңгімеде протагонисттің басты жауы немесе қарсыласы ретінде көрсетілетін кейіпкер және ол жиі зұлым ретінде бейнеленеді. 27 March 2015 27 March 2015

Этимология «Антагонист» сөзі ағылшын тіліне грекше ἀνταγωνιστής – antagonistēs сөзінен енген. Ол «қарсылас, бәсекелес, дұшпан, жау, бақталас» деген мағынаны білдіреді және anti- («қарсы») мен agonizesthai («жүлде үшін күресу») деген сөздерден құралған.

Түрлері Қаһармандар мен зұлымдар Антагонист көбіне протагонистке және оның орнатқан тәртібіне қарсы қойылады. Әңгімелерде протагонист жиі батыр ретінде, ал антагонист зұлым ретінде бейнеленеді. Мысалы, Хәрри Поттер әңгімесінде Хәрри Поттер және Лорд Волдеморт сияқты. Дегенмен, антагонист әрдайым зұлым кейіпкер бола бермейді. Кейбір туындыларда, мысалы Death Note анимесіндегі Лайт Ягами мен L арасындағы қарама-қайшылықта, протагонист зұлым болса, антагонист оң кейіпкер болуы мүмкін.

Антагонистер әдетте моральдық таңдаулары жағынан протагонистерге қарағанда теріс сипатталады. Бұл тәсіл жазушының шығармада қақтығысты туғызу үшін қолданылады. Дегенмен бұл жай ғана дәстүрлі әдіс. Бұл шартты бұзатын мысал ретінде Макбет пьесасындағы Макдуфты атауға болады. Ол – протагонист Макбетке қарсы тұратын кейіпкер, бірақ оның мақсаты моральдық тұрғыдан дұрыс.

Теледидардан мысалдар ретінде Dallas телехикаясындағы J.R. Ewing (Ларри Хэгман) және Dynasty телехикаясындағы Алексис Колби (Джоан Коллинз) кейіпкерлерін атауға болады. Екеуі де өз шоуының рейтингін көтеру үшін ерекше кейіпкерлерге айналған.

Басқа кейіпкерлер Кейіпкер антагонист болып саналуы үшін зұлым болуы міндетті емес – олар кейде көрерменге немесе оқырманға тек жағымсыз, ақымақтау немесе түсініксіз көрінуі мүмкін. Мысалы, Қара бидайдағы жасөспірім шығармасында, протагонистен басқа дерлік барлық кейіпкерлер антагонист ретінде көрінеді. Тағы бір мысал ретінде Виктор Гюгоның Кедейлер шығармасындағы Жавер кейіпкерін атауға болады. Ол зұлым ниет танытпайды, керісінше заңды бұлжытпай орындауға ұмтылады, бірақ бұл ұстаным моральдық және этикалық қайшылықтарға алып келеді.

Протагонисттің ішкі қырлары Кей жағдайларда антагонист рөлін протагонисттің ішкі қасиеттері немесе осал тұстары атқарады – мысалы, ар-ождан, шешімсіздік немесе қорқыныш.

Тұлғалық емес антагонист Антагонист міндетті түрде адам немесе адамдар тобы болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда антагонист табиғат күші – мысалы, қаланы қиратып жіберетін цунами, алапат дауыл немесе белгілі бір аймақтың қатал табиғи жағдайлары болуы мүмкін. Бұл күштер протагонистке тікелей кедергі келтіруі мүмкін, кейде жанама түрде әсер етеді. Сондай-ақ қоғамның нормалары мен ережелері де антагонист рөлінде болуы мүмкін.

Қолданысы Антагонист – сюжеттік құрал ретінде қолданылады. Ол протагонистке кедергілер, қақтығыстар немесе сынақтар жасау арқылы драмалық шиеленісті арттырады. Әрбір шығарма антагониске мұқтаж емес, бірақ әсіресе пьесаларда драма деңгейін көтеру үшін жиі пайдаланылады. Қайғылы туындыларда антагонист – протагонисттің басты қайғысының көзі немесе онымен қарсыласатын кейіпкерлер тобының жетекшісі болады. Комедияда ол протагонистті күлкілі жағдайларға түсіретін кейіпкер рөлін атқарады.

Антагонистті құру әдістері Жазушы Джон Труби шынайы қарсылас тек қаһарманның мақсатына жетуіне тосқауыл ғана болмай, сонымен қатар сол мақсатқа өзі де ұмтылатын болуы керек деп тұжырымдайды. Оның айтуынша: «Қаһарман мен қарсылас бір мақсатқа таласқанда ғана олар тікелей әрі қайталанатын қақтығысқа түседі».

Дереккөздер

Санат:Театр