«Құпиялы құжаттар» () — 1990-шы жылдардың ең танымал сериалдардың бірі. Крис Картер жасап шығарған бұл телетуынды Fox арнасында 1993–2002 жылдары аралығында шығып жүрген. Тоғыз сезонға жалғасып, жабылған шағында ол ең ұзақ ғылыми-фантастикалық сериал болып шыққан.

Сонымен қатар сериалдың тақырыбын жалғастыратын екі көркем фильм де бар: 1998 жылғы Құпиялы құжаттар және 2008 жылғы Құпиялы құжаттар: Сенгім келеді.

2016 жылы Fox арнасы «Құпиялы құжаттардың» алты сериядан тұратын 10-сезонын көрсетті. Ал екі жылдан кейін көрермендерге 10 сериядан тұратын соңғы 11-сезон көрсетілді.

Сериалда Фокс Малдер мен Дана Скалли есімді ФТБ агенттерінің тылсым, аномальды қылмыстарды тергеу және жатпланеталықтарды іздеу жұмыстары жайында баяндалады.

Сериал және оны түсірген топ жалпы есеппен 16 Эмми және 5 Алтын глобус сыйлығын жеңіп алған. Басты рөлдерді сомдаған Дэвид Духовны мен Джиллиан Андерсон да осы жүлделерге ие болған.

Сезондар және рейтингтер + Fox арнасындағы алғашқы көрсетілімнің рейтингтері Сезон Қанша эпизод Сезонның алғашқы эпизоды Сезонның соңғы эпизоды Орташа аудитория, млн Шыққан күні Көрермен саны, млн Шыққан күні Көрермен саны, млн 1 24 10 қыркүйек 1993 12,00 13 мамыр 1994 14,00 11,21 2 25 16 қыркүйек 1994 16,10 19 мамыр 1995 16,60 14,50 3 24 22 қыркүйек 1995 19,94 17 мамыр 1996 17,86 15,40 4 24 4 қазан 1996 21,11 18 мамыр 1997 19,85 19,20 5 20 2 қараша 1997 27,34 17 мамыр 1998 18,76 19,80 6 22 8 қараша 1998 20,24 16 мамыр 1999 15,86 17,20 7 22 7 қараша 1999 17,82 21 мамыр 2000 15,26 14,20 8 21 5 қараша 2000 15,87 20 мамыр 2001 14,00 13,93 9 20 11 қараша 2001 10,60 19 мамыр 2002 13,25 9,10 10 6 24 қаңтар 2016 16,19 22 ақпан 2016 7,60 13,60 11 10 3 қаңтар 2018 5,15 21 наурыз 2018 3,43 5,34

Дереккөздер

Әдебиет

Санат:1993 жылы шыққан АҚШ телесериалдары Санат:АҚШ ғылыми-фантастикалық телесериалдары Санат:Fox Broadcasting Company телебағдарламалары