Шаңкелмес тауы, Шекелмес, Шәкірмыс – Зайсан көлінің шығыс жағалауында орналасқан палеозойдың ежелгі жыныстарынан түзілген саз балшықты шоқылы тау.

Орналасқан жері Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы, Аманат ауылынан солтүстік-батысқа қарай 23 км-дей жерде.

Сипаты thumb|right|300px|Шаңкелмес сазбалшығы. Арғы көріністе Зайсан көлі. Абсолюттік биіктігі 516 м. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Шаңкелмеске белгілі неміс табиғат зерттеушісі Альфред Брем келген. Басқа зерттеушілер де бұл тауды біршама ыждаһаттап зерттеді. Таудың екі беткейі – екі түрлі әлем. Солтүстігі – ұшқат, қараған, қызыл тал, итмұрын ырғайының тоғайы бар, түрлі бетегелі-селеулі жасыл жер. Ұсақ тас қиыршықты оңтүстігінде жусан мен дала рауғашы өседі. Тау алдында, ғажайып тіршілік иесі тәрізді, көктемде қар еріген кезде тұзды сулы жайпақ табақтай екі көлшік пайда болады. Жаздың екінші жартысында-ақ олардың түбі құрғап, тақырмен дымқыл сорларға айналады. Оңтүстігіндегі құлама беткейінде түрлі қына жапқан ұсақ тастар басым. Түктілер мен сарыазбандар, сарышаяндар, өрмекшілер және басқада алтыаяқты құрт-құмырсқалар үшін бұл жер нағыз жұмақтың өзіндей. Шөбі қалың сусымалы беткейлерінде сұр шегірткелер, тасты тақырларында бат-бат кесірткелері бар. Жел өтіндегі Шаңкелмес шыңында уақ бүркіттердің үшкір қанаттары салбырап тұрады, Қазақстанда сирек кездесетін тілеміш-жамансарылар мен жағалаудағы өлі балықты немесе саршұнақты аңдып қалықтаған кезқұйрықтың үйреншікті сұлбасы, сондай-ақ анда-санда екпіндей ұшатын ителгі-сұңқар байқалады. Мұнда барлық жерде – тас пен жартас арасында, жылғалар мен аспанда біреуі біреуінен тығылып, біреуі біреуін аңдып тіршілік етеді. Шоқы түбі мен жағалауда және батыс жағында ерекше әлем-жәлем саз қалдығы көзге түседі. Шоқан Уәлихановтың жақын досы, осы өлкені зертеуші Григорий Потанин 1863 жылы мұнда келіп: "Төбеге темір тотығынан қызыл және сары түске боялған әрі сумен шайылған саз үйіндісі жалғасып жатыр. Оларды көптеген сай-жыралардан жеке-жеке қиылған конус тәрізді және тіпті кегль секілді бөлшектенген. Мұны орыстар "саз" десе, қырғыздар "керіш" деп атайды", – деп жазады. Саз әлемі – ерекше әлем. Оның терең жырасында, қаракөлеңкелі тар үңгірлерінде түлкі, қасқыр да, құстар да аз емес. Қызыл кітапқа енгізілген ұбақ пен қарабауыр бұлдырықтың шағын тобы да кездеседі. АЛТАЙДАН КАСПИЙГЕ ДЕЙІН. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ,ТАРИХИ ЖӘНЕ МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШТЕРІ МЕН КӨРНЕКТІОРЫНДАРЫНЫҢ АТЛАСЫ. 3 томдық. Алматы. 2011. 1 т.–584 б., карталар, суреттер. ISBN 978-601-280-215-3, ISBN 978-601-280-216-0

Шаңкелместен солтүстік-шығысқа қарай 25 км-дей жерде шөлді жазықта осыдан отыз миллион жыл, тіпті одан да әріде өмір сүрген ежелгі приматтарға жататын жануарлар сүйегі табылған Қиын-Керіш шатқалы, оңтүстік-шығысқа қарай 30,5 км жерде Қараберік тауы орналасқан.

Көріністері

Дереккөздер

Санат:Күршім ауданы таулары