«Уондерерс» (;) — Англиядағы Лондонның Лейтонстоун ауданында орналасқан футбол клубы болды. Алғашында Форест футбол клубы (Forest Football Club) атауымен 1859 жылы құрылған. 1864 жылы клуб атауын Уондерерс деп өзгертті, себебі олардың тұрақты алаңы болмаған, ойындарын Лондон мен оның маңындағы әртүрлі алаңдарда өткізген. 1872 жылы алғаш рет өткен Футбол қауымдастығының кубогын (қазіргі Англия кубогы) жеңіп алды. Жалпы клуб бұл жарысты бес рет жеңіп, соның ішінде 1876 жылдан 1878 жылға дейін қатарынан үш рет жеңімпаз болды. Мұндай жетістік тарихта тек бір рет қана қайталанған.
Клуб 1863 жылы Футбол қауымдастығының құрылтайшы мүшесі болды және 1871 жылы Кубок пайда болғанға дейін тек жолдастық кездесулер өткізген. Клуб сапында ойнаған танымал футболшылардың қатарында қазіргі спорттың «әкесі» атанған Чарльз Уильям Олкок пен өз дәуірінің үздік ойыншысы саналған Артур Киннерд болды.
1880-жылдары клубтың жағдайы нашарлап, ол тек негізін қалаушылардың көбі оқыған Harrow School мектебімен жылына бір ғана матч өткізумен шектелді. Шамамен 1887 жылдары клуб таратылды.
Тарихы Алғашқы жылдар (1859–1871) thumb|Лейтон Флэтс, Эппинг орманы (2019 жылы түсірілген сурет) – Форест футбол клубы өзінің алғашқы футбол ойындарын өткізген алаң. Клуб алғаш рет Форест футбол клубы (Forest Football Club) атауымен 1859 жылы бірқатар бұрынғы жеке мектептердің түлектерімен, негізінен жуырда ғана Harrow School-ды аяқтаған жас түлектердің бастамасымен құрылды. Олар футбол ойынын жалғастырғысы келдіCavallini, p. 13. Құрылтайшы мүшелердің қатарында Harrow мектебін жаңа ғана тәмамдаған Чарльз У. Олкок, оның ағасы Джон Ф. Олкок, Дж. Пардо және А. мен У. Дж. Томпсон бауырлары болды. Сондай-ақ, клубта Old Foresters құрамындағы бірнеше ойыншы ойнады, өйткені Forest School клуб алаңынан бір мильге жетпейтін қашықтықта орналасқан едіCavallini, p. 14.
1859 жылдан 1865 жылға дейін Форест клубының үй алаңыФорест Плейс болды. Ол Лейтон Флэтс аумағында, Whipps Cross Road бойында, Эппинг орманы аймағында орналасқанThe Sportsman, 29 October 1868. Алғашқы жылдары ойыншылар матчтарды өзара ұйымдастырып ойнады.
Ол кезде футболдың бірыңғай ережелері бекітілмеген болатын, сондықтан ойынның көптеген нұсқалары бар еді. Олар командадағы ойыншылар санымен, допты қолмен ойнауға бола ма деген сұрақтармен, сондай-ақ гол соғу тәсілдерімен ерекшеленді. Клубтың 1861 жылғы ережелер жинағы 1856 жылғы Кембридж ережелеріне негізделген едіJ. R. Witty, "Early Codes", in . 1862 жылдың қыркүйегінде жарияланған газет жарнамасында клуб қарсыластарына «Кембридж университетінің ережелері бойынша» ойын өткізуге шақырды.
1863 жылы Форест клубы Футбол қауымдастығының (FA) негізін қалаушы мүшелерінің бірі болды және сол ұйым белгілеген ережелерді қабылдады. Алайда олар Футбол қауымдастығына мүше емес клубтарға қарсы ойындарда кейде басқа ережелер бойынша да матчтар өткізуді жалғастырды.
thumb|left|Форест клубының суреті, 1863 жыл. 1864 жылы клуб алғаш рет Уондерерс атауымен Ноу Нейм Килберн командасына қарсы ойынын өткіздіCavallini, p. 19. Келесі маусымда командалар екі атаумен де ойнады, бірнеше ойыншы екі жақтан да шықты, тіпті бір матчта Форест пен Уондерерс бір-біріне қарсы ойнады. Бірақ 1865 жылдан кейін Форест атауымен өткен ойындар туралы ешқандай жазба жоқCavallini, p. 22. Уондерерс бастапқыда жақсы нәтиже көрсетті – 1865–66 маусымында он алты матчтың тек біреуінде ғана жеңілді. Алайда келесі төрт маусымда команданың жағдайы айтарлықтай нашарлады, әрі Алкок ойынға он бір ойыншының толық келуін қамтамасыз етуде барған сайын қиындықтарға тап болды. Клуб жиі ойыншылардың қажетті санынан аз құрамда ойнауға немесе қарсыласынан ойыншы алуға мәжбүр болдыCavallini, p. 25. Осы кезеңде клуб бірнеше үй матчтарын Баттерси Парк пен Мидлсекс графтығының крикет клубының Лилли Бридж алаңында өткіздіCavallini, pp. 120–123. Кейіннен Уондерерс 1869 жылы Кеннингтон Овалды жартылай тұрақты үй алаңы ретінде таңдадыCavallini, p. 29. Клуб The Oval стадионында 151 ойын өткізді.
Кубоктағы жетістіктер (1872–1878) thumb|right|150px|Мұнда көрсетілген екінші Англия Кубогы жүлдесі Уондерерс жеңіп алған кубокпен бірдей үлгіде жасалған. Ал бастапқы түпнұсқа кубок 1895 жылы ұрланып, қайтарылмаған. 1870–71 маусымында Уондерерс жағдайын жақсартып, өткізген отыз жеті ойынның тек бесеуінде ғана жеңілдіCavallini, p. 126. Келесі маусымда Алкоктың ұсынысымен Футбол қауымдастығы барлық мүше клубтарға ашық болатын жаңа жарысты – Футбол қауымдастығының Челлендж Кубогын (кейіннен Англия Кубогы) бастады.
Қарсыластарының турнирден бас тартуы және сол кездегі ерекше ереже бойынша тең есеп тіркелген жағдайда екі команда да келесі кезеңге өтетініне байланысты, Уондерерс финалға дейінгі төрт кезеңде небәрі бір ғана ойында жеңіске жетті. Финал 1872 жылдың 16 наурызында Кеннингтон Овалда өтті. Онда клуб Ройал Энджинирс командасын 1:0 есебімен жеңіп, Кубоктың алғашқы иегері атанды.
Келесі маусымда жарыстың бастапқы ережелеріне сәйкес, кубок иегері ретінде Уондерерс бірден финалға дейін жолдама алды. Финалда команда Оксфорд Юниверсити клубын 2:0 есебімен жеңіп, кубокты сақтап қалды. Алайда клуб келесі екі маусымда мұндай табысқа жете алмады.
1875 жылдың қазан айында Уондерерс алғаш рет Шотландияға барып, Куинз Парк клубымен кездесті. Ең мықты құрамын шығарғанына қарамастан, ағылшындар шотландтарға төтеп бере алмай, 0:5 есебімен ұтылды. Бірақ төрт айдан кейін Лондонда өткен қарымта ойында Уондерерс 2:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл тоғыз жыл бұрын құрылған Куинз Парк клубының тарихындағы алғашқы жеңілісі болды.
Сол маусымда Уондерерс қақпасына гол жібермей Англия Кубогының жартылай финалына дейін жетіп, финалда Олд Итонианс клубымен кездесті. Алғашқы матч 1:1 есебімен аяқталған соң, қайталама ойында Уондерерс 3:0 есебімен жеңіске жетіп, турнирді үшінші рет ұтты.
Келесі маусымда Киннаирд қайта оралып, команда бастапқы сәтсіздіктерге қарамастан тағы да финалға жолдама алды және Оксфорд Юниверсити клубын жеңіп, кубокты сақтап қалды. 1877–78 жылғы маусымда Уондерерс турнирде тағы да үстемдік көрсетіп, алғашқы екі айналымда тоғыз голдан соқты. Финал 1872 жылғы финалдың қайталамасы болып, Уондерерс қайтадан Ройал Энджинирс командасын жеңіп, қатарынан үшінші рет Англия Кубогының иегері атанды.
Жарыс ережесіне сәйкес, мұндай жағдайда кубок клубтың мәңгілік меншігіне берілуі тиіс еді, бірақ Алкок ереженің алынып тасталуы және енді ешбір команданың кубокты тұрақты иеленбеуі шартымен оны тапсырды. Финалдан кейін Уондерерс Шотландия кубогының иегері Вейл оф Левен командасымен ойнап, 1:3 есебімен жеңілдіCavallini, p. 51.
Құлдырау (1879–1887) Уондерерс клубының жолы қатарынан үш рет Англия Кубогын жеңгеннен кейін тез құлдырай бастады. 1878 жылға қарай елдегі беделді қоғамдық мектептердің түлектеріне арналған футбол клубтары құрылып, көптеген үздік ойыншылар өздерінің бұрынғы мектеп командаларын таңдады. Нәтижесінде Уондерерс клубының ойын күнтізбесі 1878–79 маусымында күрт қысқарып, команда Англия Кубогы турнирінің бірінші айналымында Киннэйрд басқарған Олд Итонианс командасынан 7–2 есебімен жеңіліп қалдыCavallini, p. 138.
Келесі маусымда Уондерерс турнирдің үшінші айналымына дейін жеткенімен, тағы да Олд Итонианс клубына жол берді, осыдан кейін негізгі ойыншылардың көбі клубтан кетіп қалдыCavallini, p. 140.
1880–81 маусымында клуб әупірімдеп ойнағанымен, бірінші айналымға команда жинай алмағандықтан Англия Кубогы турнирінен бас тартуға мәжбүр болды. 1881 жылдан кейін клуб жылына тек бір ғана ойын өткізетін деңгейге түсті.
The Sportsman газеті шығарған бір кітапта клуб 1884 жылы таратылды деп жазылған.
Форест клубының қайта жаңғыруы 1868 жылы Форест клубы Эссекс графтығындағы Вудфорд қаласында қайта құрылды. 1868 жылдың қазан айында қайта құрылған клуб өзінің алғашқы ойынын Форест Плейс алдындағы «ескі алаңда» өткізгені хабарланды. Кейінгі ойындар Вудфордтағы George Lane станциясының қасында ойналды.
Уондерерс клубының үлгісімен, Форест ойыншылары жиі басқа клубтардың да мүшесі болды. Бірақ Англия Кубогы турнирі пайда болғаннан кейін мұндай модель тұрақсыз болып шықты. Клубтың соңғы ойыны 1872 жылдың наурызында сырт алаңда Клэптон Пилгримс командасына қарсы 0–0 есебімен тең аяқталды.
Жетістіктері Англия кубогы Жеңімпаз: 1871–72, 1872–73, 1875–76, 1876–77, 1877–78
Дереккөздер
Санат:Англия футбол клубтары