«Дарлингтон» (;) — Англияның Дарлингтон қаласында орналасқан кәсіби футбол клубы. Команда National League North лигасында ойнайды.

Тарихы Клубтың құрылуы thumb|left|Cleveland Challenge Cup-пен Дарлингтон футбол клубының футболшылары, 1887 жыл. 1883 жылдың шілдесінде Дарлингтон Грамматикалық мектебінде жиналыс өткізілді. Жиналыстың мақсаты — аймақтағы басты турнир Durham Challenge Cup-қа Дарлингтондағы футбол клубтарының тым аз қатысуына алаңдаушылықты талқылау болды.

Жиналғандар Darlington & Stockton Times газетінің «Дарлингтонды лайықты деңгейде таныстыратын мықты қалалық не ауылдық клуб жоқ» деген пікірін қолдап, жаңа клуб құруға шешім қабылдады. Хатшы болып жергілікті инженер Чарльз Самуэль Крейвен сайланды.

Жаңа құрылған Дарлингтон футбол клубы сол жылы Durham Challenge Cup жарысына қатысып, алғашқы маусымында-ақ финалға жетті, ал 1885 жылы кубокты жеңіп алды.

Келесі маусымда клуб алғаш рет Англия кубогына қатысып, алайда Гримсби Таун клубынан 8:0 есебімен жеңіліп қалды.

Крейвен 1889 жылы Northern League лигасын құруға да айтарлықтай үлес қосты. Дарлингтон осы лиганың негізін қалаушы мүшелерінің бірі болып қабылданып, кейіннен 1896 және 1900 жылдары чемпион атанды. Дәл осы екі маусымда клуб FA Amateur Cup турнирінің жартылай финалына да шықты.

thumb|right|Дарлингтон футбол клубы, 1910–11 маусым. Клуб 1908 жылы кәсіби деңгейге өтті және North Eastern League-ке қосылды. 1910–11 маусымында Дарлингтон Англия кубогы жарысының соңғы 16-сына дейін жетті: бес іріктеу кезеңінен өтіп, үшінші раундта Суиндон Таунға жол берді. Екі жылдан кейін клуб North Eastern League чемпионы атанды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс басталмай тұрып стадионды жаңғырту жұмыстары клубты қаржылық қиындыққа ұшыратты. Сол кезде Darlington Forge Albion компаниясының төрағасы Шығыс трибунаны аяқтауға және қарыздарды жабуға қаржылай көмек көрсетті, бұл клубқа ойынын жалғастыруға мүмкіндік берді.

Соғыстан кейін футбол қайта басталғанда, Дарлингтон North Eastern League-те екінші орын алды, ал келесі жылы екінші рет чемпион болды. Бұл жеңіс сәтті уақытқа дөп келді, өйткені дәл сол жылы Футбол лигасының үшінші дивизионының Солтүстік секциясы құрылып, Дарлингтон сол жерге шақырылды.

Үшінші дивизиондағы алғашқы маусымы сәтті өтті. Клуб екінші орынға жайғасты. Ал үш жылдан соң, 1924–25 маусымында Дарлингтон чемпион атанып, Футбол лигасының Екінші дивизионына көтерілді. 1926 жылы алған 15-орын клуб тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болып қала беруде, бірақ 1927 жылы қайтадан Үшінші дивизионға түсіп кетті. Сол жерде олар Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін ойнады.

1929–30 маусымында үшінші орынға дейін көтерілді, бірақ 1932–33 және 1936–37 маусымдарында лигада қалу үшін қайтадан өтініш беруге мәжбүр болды.

1934 жылы клуб ұлттық деңгейде ұйымдастырылған кубок турнирінде алғашқы табысына жетті. Олд Траффорд стадионында Стокпорт Каунти клубын 4:3 есебімен жеңіп, Football League Third Division North Cup кубогын иеленді. Ал екі жылдан кейін тағы да финалға шықты, бірақ бұл жолы өз алаңында Честер клубынан 2:1 есебімен ұтылды.

Соғыстан кейінгі жылдар Англия футбол қауымдастығы жарыс матчтарын прожектор жарығында өткізуге рұқсат бергеннен көп ұзамай, Дарлингтон 1955 жылдың қарашасында Сент-Джеймс Парк стадионында өткен, футбол лигасының клубтары арасындағы Англия кубогы ойынында Карлайл Юнайтед клубын 3:1 есебімен жеңді.

1957–58 маусымында клуб өз тарихындағы үздік көрсеткішін қайталап, Англия кубогы жарысының соңғы 16-сына шықты. Бұл жолда олар небәрі үш жыл бұрын Англия чемпиондары атанған Челси футбол клубын төртінші раундта жеңді. Стэмфорд Бридж стадионында үш голдық артықшылықтарын жоғалтқаннан кейін, Дарлингтон жауап ойында қосымша уақыттан соң 4:1 есебімен басым түсті. The Times тілшісі бұл жеңісті «жақсы ойластырылған тактика мен «Челси» ешқашан көрсете алмаған жігерлі ойынның үйлесімі арқасында алынған аса лайықты жеңіс» деп сипаттап, «қосымша уақыттың қажет болғаны таңғаларлық, өйткені «Дарлингтон» матчты әрдайым өз бақылауында ұстап тұрғандай көрінді» деп жазды.

Лигадағы жағдай біршама қарапайым болды: 1948–49 маусымында алған төртінші орын – соғыстан кейінгі алғашқы он екі маусымдағы жалғыз үздік жартыдағы көрсеткіш еді. Кейін Үшінші дивизионның аймақтық секциялары біріктірілгенде, клуб жаңа құрылған Төртінші дивизионға ауыстырылды.

Жанкүйерлер клубы £20 000 жинап, Feethams стадионының бір шетіне шатыр қойып, прожекторларды орнатты. Олар алғаш рет 1960 жылдың 19 қыркүйегінде пайдаланылды. Сол түні электр ақауы салдарынан Батыс трибуна өртеніп кетті . Екі айдан кейін Дарлингтонның жанкүйерлер рекорды орнатылды: 21023 көрермен Лига кубогының төртінші раундында Болтон Уондерерспен өткен матчқа жиналды. Лол Морганның басшылығымен клуб 1966 жылы үшінші дивизионға көтерілді. Соңғы турда Торки Юнайтедке қарсы матчты 16000 жанкүйер тамашалады, бұл тең ойын Дарлингтонға екінші орын әкеліп, турнирлік кестеде алға шығарды. Бірақ келесі жылы клуб қайтадан төменгі дивизионға түсті.

1968 жылы Дарлингтон Лига кубогының ширек финалына дейін жетіп, сырт алаңда Брайан Клафтың Дерби Каунти клубымен ойнады. Олар алғаш боп есеп ашқанымен, матч 5:4 есебімен аяқталып, Дарлингтон жеңіліп қалды.

1970-жылдары клуб бес рет лигада қалу үшін қайта өтініш беруге мәжбүр болды, ал 1982 жылы үлкен қаржылық дағдарысқа тап болды. Бірақ қаланың тұрғындары ұйымдастырған қаржы жинау шаралары клубты сақтап қалды. Үш жылдан кейін, менеджер Сирил Ноулздың жетекшілігімен Дарлингтон үшінші орын алып, жоғарылады. Клуб үшінші дивизионда екі маусым ойнады. 1986 жылы алған 13-орын – 1958 жылы төрт дивизиондық құрылым енгізілгеннен бергі ең жоғарғы жетістік болды. Дегенмен, келесі маусымда олар қайтадан төмен түсті.

Брайан Литтлдың 1989 жылдың ақпанында менеджер болып тағайындалуы клубты Конференцияға түсуден құтқаруға кеш болды, бірақ ол командаға қатарынан екі мәрте жоғарылауға қол жеткізді. Алдымен олар Конференцияда чемпион атанып, бірден футбол лигасына қайта оралды, ал 1990–91 маусымында Төртінші дивизионды жеңіп алды. Бірақ Литтл Лестер Сити клубына кеткен соң, клуб қайтадан құлдырай бастады.

1996 жылы олар плей-офф арқылы үшінші дивизионға қайта оралуға жақындады. Уэмблидегі алғашқы сапарында Плимут Аргайлге қарсы ойнап, Ронни Мождың голынан кейін жеңіліп қалды.

Жаңа стадион, әкімшілік және құлдырау 1999–2000 маусымы, Джордж Рейнольдс төрағалық еткен алғашқы жыл, Дарлингтонның Англия кубогында ойынын жеңіліп, сонымен бірге келесі раундқа жолдама алған алғашқы команда ретінде тарихқа енуімен есте қалды. Бұл жағдай Манчестер Юнайтедтің Футболдан клубтар арасындағы әлем біріншілігі турниріне қатысуына байланысты Англия кубогына қатыспағанынан болды. Олардың орнын анықтау үшін екінші раундта ұтылған 20 команданың арасынан «бақытты жеңілгендер» жеребесі өткізілді, Дарлингтон таңдалып, үшінші раундта Астон Виллаға Вилла Паркта 2:1 есебімен есе жіберді.

Сол маусымда олардың Уэмблидегі екінші ойыны өтті. Олар плей-офф финалында Питерборо Юнайтедке қарсы шықты. Бұған дейін олар Хартлпул Юнайтед клубын жартылай финалда жалпы есепте 3:0 есебімен жеңіп шыққан еді. Маусым басында тікелей жоғарылатуға сенімді болғанымен, финалда Дарлингтон көптеген мүмкіндіктерін жіберіп алып, тағы да жалғыз голдың арқасында жеңілді. Бұл жолы гол авторы Энди Кларк болды.

2002 жылы клуб әйгілі халықаралық жұлдыздар Пол Гаскойн мен Фаустино Асприльяны қатарға қосуға сәтсіз әрекет жасады, ал 2003 жылдың жазында жаңа стадионға – Рейнольдс Аренаға көшті. Рейнольдс клуб қарыздарын өз мойнына алғанымен, стадионның құрылысы (жоғары пайыздық несиелер арқылы қаржыландырылып, оны толық толтыру мүмкін еместігі ескерілмей салынған) клубты бар-жоғы алты айдан кейін әкімшілік басқаруға жеткізді .

2004 жылдың қаңтарында Рейнольдс директор қызметінен кетті, ал клубтың жабылу қаупі туды. Қысқа мерзімде аман қалу үшін Пол Гаскойн, Брайан Робсон, Кенни Далглиш сияқты футбол жұлдыздары қатысқан қайырымдылық матчы ұйымдастырылды. Ойынға 14000-нан астам көрермен жиналып, £100 000 қаражат жиналды.

Алаңнан тыс қиындықтарға қарамастан, үшінші рет бас бапкер болып оралған Дэвид Ходжсон мен оның ойыншылары жақсы нәтижелер көрсетіп, команданы төменгі лигаға түсіп кетуден сақтап қалды.

thumb|right|Дарлингтон клубы Дарлингтон аренада Бери клубымен ойнаған сәт, 2008 жыл. Маусым соңында Рейнольдс клубты әкімшілік басқарудан шығару үшін бақылауды Sterling Consortium-ға тапсыруға мәжбүр болды, ал Стюарт Дэвис төраға қызметіне кірісті. Дэвис пен оның қызметкерлері Рейнольдстің қатал стиліне қарағанда жанкүйерлерге жақын тәсілді ұстанды. Алайда 2006 жылы клубты жылжымайтын мүлік саласындағы кәсіпкер Джордж Хоутон сатып алды.

Ходжсон 2006 жылы қызметінен босатылды. Оның орнына Дэйв Пенни келді. Ол басқарған төрт маусым қатарынан Дарлингтон турнир кестесінің жоғарғы жартысында аяқтады. 2008 жылы команда плей-оффтың жартылай финалына шықты, бірақ пенальти сериясында Рочдейл клубына жеңілді.

2009 жылдың ақпанында Дарлингтон тағы да әкімшілік басқаруына жіберіліп, автоматты түрде 10 ұпайдан айырылды. Бұл айып болмаса, олар тағы да плей-оффқа шығар еді. Қаражат жинау шаралары клубты аман алып тұрды, бірақ мамырға дейін сатып алушы табылмаған соң, клуб негізгі құрамдағы көп ойыншыларды трансферге қойып, қызметкерлер санын минимумға дейін қысқартты.

20 мамырда Хоутон клубқа қайта оралып, төраға болды, Мидлсбро клубының бұрынғы бапкері Колин Тоддты менеджер етіп тағайындады және жергілікті кәсіпкер Радж Сингхке клубтың меншік құқығын беру арқылы келісім ұйымдастырды. Осылайша клуб әкімшілік басқарудан шығып, 2009–10 маусымын ұпайсыз шегерімсіз бастауға мүмкіндік алды.

Тодд алғашқы тоғыз ойынның жетеуінде жеңіліп, қызметінен кетті, ал оның орнына Ирландия құрамасының бұрынғы бас бапкері Стив Стаунтон келді. Бірақ ол небәрі 23 лига ойынының төртеуінде ғана жеңіске жете алды.

Клуб ақыры Конференцияға (бесінші лигаға) түсіп қалды, ал жазда бапкерлер мәселесі ушықты: Саймон Дэйви мен оның орнына келген Райан Кидд небәрі 11 күн ішінде қызметтен кетіп, команданы Марк Купер қолына алды. Ол клубты Уэмблидегі 2011 жылғы FA Trophy финалында жеңіске жеткізді. Дарлингтон қосымша уақыттың соңғы минутында гол салып, Мансфилд Таун клубын ұтты.

Алайда, 2011–12 маусымының басында бірқатар сәтсіз нәтижелерден кейін, қазан айында Купер мен оның көмекшісі Ричард Драйден қызметінен босатылды. Екі айдан кейін Радж Сингх клубты әкімшілік басқаруға өткізді.

Қаңтарда бірнеше ойыншы босатылып, символикалық сомаға басқа клубтарға кетті, ал уақытша бапкер Крейг Лиддл мен қалған ойыншылардың келісімшарттары бұзылды. Екі күннен кейін жанкүйерлер ұйымдарының соңғы минуттағы қаржылай көмегінің арқасында клуб жойылып кетуден аман қалды. Жиналған қаражат Дарлингтонға маусымды аяқтауға жеткілікті болды, бірақ үш ойын қалғанда олардың төменгі лигаға түсетіні ресми түрде белгілі болды.

Дарлингтон 1883

2012 жылы 3 мамырда клубты қоғам иелігіне көшіру мақсатында DFC 1883 Ltd компаниясы өз қарауына алды. Несие берушілермен ерікті келісімге келе алмағандықтан, клуб Англия Футбол қауымдастығынан шығарылып, кейін Жоғарғы сот шешімімен таратылды. DFC 1883 Limited дереу жаңа клуб құрды. Жаңа клуб Солтүстік Премьер-лига талаптарына сай келмейтін стадионда ойнауды ұсынғандықтан, Англия Футбол қауымдастығы оны Солтүстік лиганың Бірінші дивизионына орналастырды. Бас бапкер болып Мартин Грей тағайындалды. Жаңа клубтың бұрынғы клубтың жалғасы ретінде қарастырылмауы туралы шағым қабылданбай, клуб жаңа клуб ретінде танылып, Дарлингтон футбол клубы атауымен ойнауға құқығы жоқ екені расталды. Жаңа иелер клубқа Дарлингтон 1883 деген атау беруді таңдады.