Махат Төрәлі (1982 жылы туған, Мақат ауданы, Атырау облысы) — қазақстандық кәсіпкер, BELES құрылыс компаниясының бас директоры. 2025 жылдан Абай облысы әуесқой бокс федерациясының президенті.
Өмірбаяны Махат Төреәлі 1982 жылы Атырау облысы Мақат ауданында дүниеге келген.
Білімі Alikhan Bokeikhan University — «Іскерлік әкімшілендіру» мамандығы. Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті — «Экономист-финансист» мамандығы.
Еңбек жолы Еңбек жолын 2004 жылы Шымкент қаласындағы LTD Kurylis ЖШС-де бастап, өндірістік-техникалық бөлім бастығының орынбасарынан ПТБ басшысына дейін көтерілді.
2012–2014 жылдары Астанадағы Syrdarya Zhoba Kurylis ЖШС филиалының атқарушы директоры қызметін атқарды. Кейін Bakhyt Astana 2020» және BM Stroy 2020 ЖШС-ларында осыған ұқсас лауазымдарда болды.
2020 жылдың маусымынан бастап BELES құрылыс компаниясының бас директоры. Компания 400 000 шаршы метрден астам тұрғын үй мен 4 500-ден астам пәтерді пайдалануға берді.
2025 жылы Абай облысы әуесқой бокс федерациясының президенті болып сайланды.
Қоғамдық қызметі Спортты қолдау 2023 жылғы Ташкентте өткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпазы Санжар Тәшкенбайға Астана қаласынан пәтер сыйлады.
BELES компаниясы Астана қаласында боксты дамыту мақсатында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенін салды. Жобаға салынған инвестиция ция 8,5 миллиард теңгеге бағаланады. Кешеннің жалпы ауданы 9 000 шаршы метр. Спорт кешенінің құрамына оннан астам жекпе-жек түріне арналған залдар, жаттығу залдары, бассейн, футзал, сондай-ақ шахмат және гимнастика академиялары кіреді. Қазіргі таңда спорт кешенінде күн сайын 1200-ден астам келушілерге қызмет көрсетеді және 15-тен астам түрлі спорт секциялары жұмыс істейді. 2025 жылғы 19 маусым күні орталықтың жұмысымен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев танысты.
2025 жылғы қыркүейкте жазушы Бейбіт Сарыбайдың «Бекзат. Шаршы алаңнан тыс өмір» атты кітабының таныстырылымы өтті. Бекзат Саттарханов Махат Төрәлімен бір университетте, екі курс жоғары оқыған. Тұсаукесер аясында Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттархановаға пәтер кілтін табыстады.
Әлеуметтік бастамалар Астана қаласының Алматы ауданында 300 орындық, 1 200 шаршы метр аумақты «Белес» балабақшасы ашылды. Қосшы қаласында (Ақмола облысы) 500–600 адамға арналған Ондыбай ата мешіті салынды.
Қайырымдылық қызметі Астана қаласындағы Лесозавод ауданында өрттен зардап шеккен 3 жеке үйді қалпына келтіру. Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен отбасыларға 10 млн теңге көлемінде гуманитарлық көмек көрсету. «Керей» ТК-нен көпбалалы жалғызбасты анаға 3 бөлмелі пәтерді тегін беру.
Марапаттары «Құрмет» ордені. ҚР Индустрия және құрылыс министрлігінің «Құрметті құрылысшы» төсбелгісі.
Дереккөздер
Санат:Кәсіпкерлер Санат:Бокс тұлғалары Санат:Меценаттар Санат:Халықаралық қазақ-түрік университеті түлектері Санат:Қазақстан боксшылары