Ықылас Дүкенұлы зираты – Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген тарихи ескерткіш.
Орналасқан жері Сарысу ауданы, Шығанақ ауылынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде, Шу өзенінің оң жағалауындағы Қуарал деген жерде орналасқан.
Сипаты Халық күйші-қобызшысы Ықылас Дүкенұлының (1843-1916) жерленген бейітінің басына 1978 жылы биіктігі 0,5 м құлпытас орнатылып, көлемі 4,5х4 м қабірлеу аумағы металл қоршаулармен қоршалған.С25 Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Жамбыл облысы. – Алматы: РМК "ММЕ ҒЖЗИ", 2002. – Т.2. – 364 б, карталар, ил. ISBN 9965-13-615-7
Дереккөздер
Санат:Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Қазақстан тарихы