Спортинг футзал клубы — Португалияның Лиссабон қаласында орналасқан кәсіби футзал командасы. Бұл клуб Спортинг Клуб де Португал спорт қоғамының бір бөлігі болып табылады және Еуропа мен Португалиядағы ең табысты футзал ұжымдарының бірі саналады.

Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы, 19 дүркін Португалия чемпионы, 10 дүркін Португалия кубогын жеңген, 6 мәрте Лига кубогын, 12 дүркін Суперкубок жеңімпазы.

Тарих Спортинг футзал бөлімі ресми түрде 1989 жылы құрылған. Бұл бөлім 1906 жылы негізі қаланған көпсалалы спорт клубының бір тармағы ретінде пайда болды. 90-жылдардан бастап Спортинг Португалия футзалының көшбасшы клубтарының біріне айналды. Клубтың алғашқы үлкен жетістіктері ұлттық біріншіліктерде және кубок жарыстарында байқалды.

«Спортинг» футзал клубы — Португалияның ең табысты және беделді командаларының бірі. Клуб он жеті рет Португалия чемпионы атанып, тоғыз рет ұлттық кубокты иеленген.

2011 жылға дейін клубтың ең үздік нәтижесі — 2001/02 маусымындағы УЕФА кубогының жартылай финалы болды. Сол кезеңде португалиялықтар испаниялық «Плайас де Кастельон» клубынан 0:4 есебімен ұтылып, финалға өте алмады.

2010/11 маусымында «Спортинг» қайтадан жартылай финалға шығып, алғаш рет турнирдің Төрттік финалға жолдама алды. Бұл жолы клуб испаниялық фаворит — «Эль-Посо Мурсияны» жарыстан шығарды. Жартылай финалда лиссабондықтар қазақстандық «Қайрат» клубын жеңіп, тарихында алғаш рет финалға шықты. Алайда шешуші ойында италиялық «Монтезильвано» клубынан жеңіліс тапты.

2016/17 маусымында «Спортинг» тағы да Финал төрттігіне өтіп, жартылай финалда ресейлік «Газпром-Юграны» 2:1 есебімен жеңді, бірақ финалда испаниялық «Интер Мовистардан» 0:7 есебімен ойсырай ұтылды.

2017/18 маусымында команда тағы да Финал төрттігіне жетті. Бұл жолы жартылай финалда венгриялық «Дьёрды» 6:1 есебімен ұтып, финалда қайтадан «Интер Мовистарға» 2:5 есебімен есе жіберді.

2018/19 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасы маусымында клуб көптен күткен алғашқы еуропалық трофейін жеңіп алды. Жартылай финалда «Интер Мовистардан» 5:3 есебімен реванш алып, финалда алаң иелері — қазақстандық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңді. Алайда келесі маусым — 2019/20 жылдары клуб Элиталық раундта тоқтады, онда ресейлік «Тюменьге» жол берді.

2020/21 маусымында «Спортинг» қайтадан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Финал сегіздігінің ширек финалында команда Ресейдің «КПРФ» клубын 3:2, жартылай финалда «Интерді» 5:2 есебімен ұтты. Финалда «Барселонаны» 4:3 есебімен тізе бүктіріп, екінші рет Еуропа чемпионы атанды.

Келесі екі маусымда «Спортинг» екі рет қатарынан финалға жетті, бірақ жеңіс «Барселонаға» және «Пальмаға» бұйырды.

2023/24 маусымында клуб қайтадан Финал төрттігіне шықты, алайда бұл жолы төртінші орынды қанағат тұтты — «Барселонаға» және басты қарсыласы «Бенфикаға» есе жіберді.

Сонымен қатар, клуб 2020/21–2023/24 жылдар аралығында төрт маусым қатарынан Португалия чемпионы атанды — мұндай көрсеткішке ел тарихында ешбір клуб қол жеткізбеген.

«Спортингтің» басты қарсыласы — Лиссабондық «Бенфика». Бұл екі команда 17 рет Португалия чемпионатының финалында, 7 рет ұлттық кубоктың финалында, 5 рет лига кубогының финалында және 9 рет Суперкубокта кездескен.

Жетістіктер Sporting CP Futsal — маусымдар және нәтижелерМаусымПортугалия чемпионатыПортугалия кубогыЛига кубогыСуперкубокУЕФА Чемпиондар лигасыIntercontinental Cup1990/91Чемпион—————1992/93Чемпион—————1993/94Чемпион—————1994/95Чемпион—————1998/99Чемпион—————2000/01Чемпион—————2003/04Чемпион—————2005/06ЧемпионЧемпион————2007/08—Чемпион————2009/10Чемпион—————2010/11ЧемпионЧемпион——Финалист—2012/13ЧемпионЧемпион————2013/14Чемпион—————2014/15———Суперкубок (2014)Қола—2015/16ЧемпионЧемпионЧемпион———2016/17Чемпион—Чемпион—Финалист—2017/18ЧемпионЧемпион—Суперкубок (2017)Финалист—2018/19—Чемпион—Суперкубок (2018)Чемпион—2019/20—Чемпион—Суперкубок (2019)——2020/21Чемпион—Чемпион—Чемпион—2021/22ЧемпионЧемпионЧемпионСуперкубок (2021)Финалист—2022/23Чемпион——Суперкубок (2022)Чемпион—2023/24Чемпион—Чемпион—Чемпион—2024/25—ЧемпионЧемпионСуперкубок (2024)Чемпион—

Құрамы (2025) №Аты-жөніЕл4Жоау Матуш (капитан)7Пани Варела9Эрик Мендонса10Кардинал12Гонсалу Португал14Тайнан15Гуитта17Алекс Мерлим

Жаттықтырушы

Нуно Диаш — 2012 жылдан бері клубты басқарып келеді.

Ол Спортинг тарихындағы ең табысты бапкер, 29-дан астам ұлттық және халықаралық трофейге ие.

Ойын стилі Клуб жоғары қарқынды, прессингке негізделген шабуылдаушы футзал стилімен танымал. Спортинг ойыншыларды өз академиясынан тәрбиелеуге және Португалия ұлттық құрамасына үнемі жаңа таланттар ұсынуға басымдық береді.

Инфрақұрылым Команда өз үй матчтарын Лиссабондағы Pavilhão João Rocha аренасында өткізеді (3 000 орын). Спортинг жанкүйерлері — Leões («Арыстандар») — клубтың басты рухани күші болып саналады.

Мұрасы Спортинг футзалы — Португалиядағы және Еуропадағы футзал дамуының символы. Клубтың тұрақты табысы, академиялық жүйесі мен ойын философиясы оны әлемдік деңгейдегі жетекші футзал ұйымдарының біріне айналдырды.

Сілтемелер

Ресми сайт Sporting CP Futsal — UEFA ресми беті

Дереккөздер