Бағат () — қала типтес елді мекен, Өзбекстанның Хорезм облысы Бағат ауданының орталығы. Халқы: 8800 мың адам (2000).

Бағат ауылы — Хорезм облысының орталық бөлігінде, Әмудария алқабының суару арналарының бірінде орналасқан. Ол Түркіменстан шекарасынан он шақырым жерде, Бағат Үргеніштен 30 шақырым, Ханқадан вокзалынан 12 шақырым жерде Түркменабат-Бейнеу желісінің бойында. Ауыл Ұлы Жібек жолының бойындағы елді мекен ретінде біздің дәуіріміздің басынан белгілі. Бағат патшалық Ресейдің, одан кейін Өзбек КСР-нің құрамына енгенге дейін Хиуа хандығына қараған. Бағатта тоқыма және тігін фабрикалары, мақта тазалау, наубайхана және басқа да өнеркәсіп орындары орналасқан.

Бағатта мәдениет үйі, жастар орталығы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы, мектепке дейінгі мекемелер, 3 жалпы білім беретін мектеп, музыка мектебі, ересектерге арналған білім орталығы, қонақ үй, орталық аурухана, саябақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешені бар.

Дереккөздер

Санат:Хорезм облысы елді мекендері