«Қазан аспаны» — Джо Джонстон түсірген 1999 жылғы биографиялық драма.

НАСА инженері болған Хомер Хикэмнің алғашқы кітабы негізінде түсірілді. 1998 жылы жазылған бұл мемуарлардың аты — Rocket Boys, ал фильмнің атауы осы сөздерге анаграмма болып келеді.

Фильмде Спутник-1 атты алғашқы Жер серігінің ғарышқа ұшырылуына байланысты шахтёр баласының өз достарымен бірге ракеталарды құрастыруға қызығып, ақыры Американың ғарыштық агенттігіне жұмысқа түскені туралы баяндалады.

Актёрлер Джейк Джилленхол — Хомер Хикэм Крис Купер — Джон Хикэм Лора Дерн — мұғалім Фрида Райли Крис Оуэн — Квентин Уилсон Уильям Ли Скотт — Рой Ли Куки Чед Линдберг — Шерман О’Делл Натали Кэнердэйл — Элси Хикэм Рэнди Стриплинг — Леон Болден Крис Эллис — мектеп директоры Тёрнер Илья Баскин — Айк Буковски О. Уинстон Линк — инженер-теміржолшы

Дереккөздер

Санат:Джо Джонстон фильмдері Санат:Universal Pictures фильмдері Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ отбасылық фильмдері Санат:Ғалымдар туралы фильмдер