Кевин Науэль Арриета (; 16 ақпан 1997 жыл, Буэнос-Айрес) — аргентиналық кәсіби футзалшы, «Қайрат» (Алматы) клубының және Аргентина ұлттық футзал құрамасының ойыншысы. Қапталда вингер позициясында ойнайды.
Мансабы Арриета алғаш рет Андрес Герагти жарақат алғаннан кейін Аргентина құрамасына шақырылды.
2024 жылғы Футзалдан әлем чемпионатында ол құраманың үздік ойыншыларының бірі атанып, әсіресе Франциямен жартылай финалдағы ойынымен көзге түсті.
Ол екінші белгі нүктесінен дәл пенальти орындауымен танылып, турнирде 7 гол соғып, «Қола бутсы» жүлдесін жеңіп алды.
Футзалдан әлем чемпионатында Қазақстанды жеңіп, финалда Бразилияға қарсы ойнады. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
2024 жылдың 11 шілдесінен бастап ол Испанияның Нитида Алзира клубында өнер көрсетті.
Әлем чемпионатынан кейін алматылық Қайрат клубына ауысты. Қайрат құрамында 2025 жылы Футзалдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалында ойнап, күміс жүлдегер атанды.
Жетістіктері 2024 жылғы әлем чемпионаты — Қола бутса (7 гол)
Отбасы Арриетаның ағалары Хуан Арриета және Оскар Арриета да футзалшылар.
Дереккөздер
Санат:1997 жылы туғандар Санат:Қайрат (футзал клубы) Санат:Футзалдан Қазақстан чемпионаты Санат:Футзалдан әлем чемпионаты Санат:Аргентина мини-футболшылары