(153) Хильда — сыртқы Негізгі белдеудегі ең ірі астероидтардың бірі.
Оны 1875 жылы 2 қарашада Иоганн Пализа Пуланың теңіз обсерваториясында ашты.
Аустриялық астроном Теодор Оппольцердің қызы есімімен аталды.
thumb|450px|center|Күн жүйесіндегі орны
Осы астероидтың атымен шағын аспан денелерінің жаңа тобы аталды. Бұл топтың ерекшелігі келесі: ондағы астероидтар Юпитермен 2:3 қатынастағы орбиталық резонанста қозғалады. Яғни Юпитер Күнді екі рет айналып біткенде, Хильда тобының астероидтары Күнді үш рет айналады. thumb|left|200px|(153) Хильда орбитасы жасылмен, ал Юпитер орбитасы қызылмен көрсетілген. Астероид әрдайым Юпитердің үш Лагранж нүктесіне жақын өтеді. Хильда тобын кейде Негізгі белдеудің ең алшақ бөлігі ретінде қарастырады. Топқа бірнеше мың астероид кіреді. Олар Юпитер орбитасына жақын орналасады.
Ал (153) Хильданың дәл жанында ұшқан астероидтар Хильда жанұясын құрайды. Оған пайда болу көзі бір болған 400-ден астам астероид жатқызылады.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (101—200) Санат:Астероидтар