(139) Жуйхуа — Негізгі белдеуде айналып жатқан ірі астероид.

Оны 1874 жылы 10 қазанда Джеймс Крейг Уотсон Бейжіңде ашты. Бұл Қытай аумағынан ашылған алғашқы астероид болды. Уотсон ол кезде Венераны бақылау мақсатымен дүниені шарлап жатқан-ды.

Астероидқа атау беруді астроном қытайлық регентке ұсынады. Сол адам «Қытайдың бақ жұлдызы» деген атауды таңдайды. Уотсон «жұлдыз» сөзін алып тастап, Жуйхуа деп қалдырады.

Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (101—200) Санат:Астероидтар