нобай|оңға|Қорған гипотезасы бойынша үнді-еуропатілділердің б.з.б. 4000–1000 жылдары арасындағы көші-қоны. Ортада: Ұлы Дала мәдениеттері

(Қаратеңіз-Каспий даласы, Дунай маңы) (кейінгі АтҮнЕу)

(үнді-еуропатілділер қабылдады)

Көрсетілмегені: Армяндар, батыс даладан тарады

|300x300px

Қорған гипотезасы (Дала гипотезасы, Шығысеуропа гипотезасы) — атаүндіеуропа тілінің шыққан жерін, оның қалай Азия мен Еуропа түрлі аймақтарына тарағанын анықтауды көздеген гипотезалардың ең қабылданғаны. Гипотеза бойынша, Қара теңізден солтүстікте орналасқан Қаратеңіз даласын мекендеген Қорған мәдениеті — атаүндіеуропа тілінің ең ықтимал тұңғыш иелері. Мәдениет атауы орыс пен еуропа тілдеріне түркі тілдерден келген болатын және «оба» дегенді білдіреді.

Гипотезаны Отто Шрадер (1883) мен Гордон Чайлд (1926) ұсынған. Гипотезаны Мария Гимбутас, терминді бірнеше мәдениетті, соның ішінде Ямная мәдениетін біріктіріп айту үшін қолданған ғалым, 1950 жылдары жүйеледі. 2000 жылдары Дэвид Энтони оның орнына Ямная мәдениетінің негізгі бөлігін және оның басқа мәдениеттермен байланысын анықтамалық нүкте ретінде пайдаланды.

Гимбутас Қорған мәдениетін төрт түрлі заманға бөліп анықтаған. Ең көнесі — I Қорғанның () қатарында энеолит кезінде (б.з.б. ерте IV мыңжылдықта) Днепр-Еділ аймағын мекендеген Самара мен Сероглазовка мәдениеттері болды. Осы мәдениеттердің халқы көшпенді пасторалистер еді. Олар гипотеза бойынша ерте III мыңжылдыққа қарай Қаратеңіз-Каспий даласын да, Шығыс Еуропаны да мекендеп жүрді.

XXI ғасырда жасалған генетикалық тестілеу Еуропа мен Оңтүстік Азиядағы бірнеше халықтардың шынымен де Қара теңіз маңынан көшіп келгенін дәлелдеді. Осы себептен Қорған гипотезасы өзге теориялармен, соның ішінде Анатолия гипотезасымен салыстырғанда ықтималдырақ көрінеді.

Дереккөздер

Қолданылған әдебиет

Санат:Үндіеуропалықтар Санат:Археологиялық мәдениеттер Санат:Тарихтан бұрынғы Еуропа Санат:Майкоп мәдениеті Санат:Қорғандар