(588) Ахиллес — Юпитердің орбитасына саятын траекториямен айналып жүрген астероид. Ол L4 Лагранж нүктесінде орналасады, яғни Юпитердің алдынан жүріп қозғалады.

Астероидты 1906 жылы 22 ақпанда Макс Вольф Гейдельберг обсерваториясында ашты. Бұл алғашқы ашылған троян астероиды болды.

Астероид Гомердің Илиадасындағы басты кейіпкерлердің бірі Ахилл құрметіне орай аталды. Бұл атауды Иоганн Пализа ұсынған болатын.

WISE аппаратының көрсетулері бойынша бұл төртінші ең үлкен троян астероиды: (624) Гектор — 225 шақырым, (617) Патрокл — 140 шақырым, (911) Агамемнон — 131 шақырым, (588) Ахиллес — 130 шақырым, (3451) Ментор — 126 шақырым. Дереккөздер

Тағы қараңыз Астероидтар тізімі (501—600) Санат:Астероидтар