Дарғаната () — Түрікменстанның Лебап уәлаяты қала. Дарғаната атырабының орталығы. Қала халқы 21 465 адам.
Географиялық сипаттамасы Мекен Қарақұм шөлінің шетінде, Әмударияның сол жағалауында, Өзбекстанмен шекарада орналасқан. Қаладан Түрікменабад-Үргеніш-Дашоғыз автомобиль және теміржол көліктері өтеді. Дарғанат теміржол стансасы 4 км жерде.
Тарихы 1966 жылдан бастап қалалық үлгідегі елді мекен мәртебесіне ие болды. 2003 жылдың 14 мамырына дейін Дарған-Ата деп аталды, содан кейін Бірата елді мекені болып өзгертілді. 2016 жылдан бастап қала мәртебесіне ие болды, ал 2017 жылдың 25 қарашасында Дарғаната болып өзгертілді.
Экономикасы және әлеуметтік нысандары Дарғаната — суару каналдарының көмегімен мақта, бақша және көкөніс дақылдары өсірілетін аймақтық ауылшаруашылық орталығы. Табиғи газ өндіреді, мал шаруашылығымен айналысады және мақта өсіреді.
Көрнекі орындары Дарғанатаның оңтүстігінде Хорезмге тиесілі ортағасырлық Дарған қаласының қирандылары жатыр. Ағаш есіктері күрделі ойылған XIV ғасырдағы кесене сақталған.
Дереккөздер
Санат:Түрікменстан қалалары