Иоганн Пализа (; 6.12.1848 — 2.05.1925) — аустриялық астроном. Аспанды телескоппен бақылау арқылы (яғни фотографияның қолдануынсыз) ең көп астероидты ашқан адам.

1870 жылы өзі оқыған Вена университетінің обсерваториясында ассистент болып жұмыс істей бастайды. Кейін Женеваға ауысады.

1872 жылдан бастап Пуланың теңіз обсерваториясына директор болып тағайындалады. Сонда 1874 жылдың 18 наурызында өзінің алғашқы астероидын ашып, оған (136) Аустрия деген атау береді. 1880 жылы ол Венаға көшіп, жұмыстарын сол жердегі обсерваторияда жалғастырады.

Жалпы 1874 және 1923 жылдар аралығында Пализа 122 астероид ашқан. Сонымен қатар C/1879 Q1 кометасын ашты.

Астрономның құрметіне орай (914) Пализана астероиды, Айдағы Пализа кратері аталды.

Сондай-ақ ол өзі ашқан (902) Пробитада, (975) Персеверанция және (996) Хиларитас астероидтары, оның қайтыс болуынан кейін, астрономның жеке қасиеттерін (адалдық, табандылық және жайбарақат) еске келтіретіндей етіп латынша атауларымен аталды. Ал 1930 жылы ашылған (1152) Павона астероиды Пализаның және Макс Вольфтың фамилияларындағы алғашқы әріптерінің қосылуы арқылы аталып, екі астрономға бірдей бағышталған. Олар аспан атласын бірге шығарысқан болатын.

Дереккөздер

Санат:Аустрия астрономдары Санат:Астероидтарды ашушылар Санат:Кометаларды ашушылар Санат:Вена университеті түлектері Санат:Лаланд сыйлығының лауреаттары