Ramones — 1974 жылы АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында құрылған америкалық панк-рок тобы. Топ панк-рок жанрының негізін қалаушылардың бірі болып саналады және бұл бағыттың әлемдік деңгейде таралуына елеулі ықпал етті.

Барлық мүшелер сахнада «Ramone» лакап атын қолданған, бірақ ешқайсысы биологиялық туыстық қатынаста болмаған; бұл идеяны топ мүшесі Дуглас Колвин Пол Маккартниден алған, ол қонақ үйлерге «Paul Ramon» атымен тіркелетін болатын.

Ramones құрамында бірнеше өзгерістер болған, ең тұрақты мүшелері — Джоуи Рамон және Джонни Рамон. 1978 жылы Томми Рамон топтан кетіп, продюсерлік қызметке ауысқан, оның орнына Марки Рамон келген. 1983 жылы Маркины Ричи Рамон алмастырған. 1987 жылы Ричи кеткен соң, қысқа уақытқа Элвис Рамон қосылған, кейін Марки қайта оралып, Ди Ди Рамон екі жылдан кейін кетіп, оның орнына Си Джей Рамон қосылған. 1989 жылдан 1996 жылға дейінгі соңғы құрам — Джоуи, Джонни, Марки және Си Джей Рамон болды.

2014 жылға қарай топтың бастапқы төрт мүшесі қайтыс болды: бас вокалист Джоуи Рамон (1951–2001), бас-гитарист Ди Ди Рамон (1951–2002), гитарист Джонни Рамон (1948–2004) және барабаншы Томми Рамон (1949–2014).

Топ кезінде айтарлықтай коммерциялық табысқа қол жеткізбегенімен, бірақ қазіргі таңда панк мәдениетіне әсері зор деп есептеледі.

Тарихы 1974—1979 thumb|right|1976 жылы Торонто қаласында Ramones тобының концерті Ramones тобы 1974 жылдың басында Нью-Йорк қаласының Куинс ауданында құрылды, сол кезде Джонни Рамон (шын аты Джон Камминс) және Ди Ди Рамон (Дуглас Колвин) Джоуи Рамон (Джеффри Хайман)-ды өз құрамына шақырды. Колвин гитарада ойнауды және вокалмен айналысуды қаласа, Камминс гитарада, ал Хайман барабанда ойнайтын. Топ құрамын толықтыру үшін олардың досы Ричи Стерн бас-гитарада ойнауға ұсынылған еді. Алайда бірнеше репетициядан кейін Ричи бас-гитараны ойнай алмайтыны анықталды, сол себепті Дуглас вокалмен қатар бас-гитараға ауысып, Камминс жалғыз гитарист болды.

Колвин бірінші болып «Рамон» лақап атын қабылдап, өзін Ди Ди Рамон деп атады. Бұл идеяны Пол Маккартни-дің Silver Beatles кезінде қолданған «Пол Рамон» лақап аты шабыттандырған. Ди Ди топтың басқа мүшелерін де ұқсас лақап ат қолдануға көндіріп, топқа «Ramones» атауын берген. Хайман және Камминс сәйкесінше Джоуи Рамон және Джонни Рамон атын алды.

1976 жылы топ алғашқы студиялық альбомы Ramones шығарды. Бұл альбом панк-рок жанрының қалыптасуындағы маңызды туындылардың бірі болып есептеледі. Кейін шыққан Leave Home және Rocket to Russia альбомдары топтың танымалдылығын арттырды.

1980—1989 1978 жылы барабаншы Томми Рамон топтан кетіп, продюсерлік қызметке ауысқан, оның орнына Марки Рамон келген. 1983 жылы Маркины Ричи Рамон алмастырған. 1987 жылы Ричи кеткен соң, қысқа уақытқа Элвис Рамон қосылған, кейін Марки қайта оралып, Ди Ди Рамон екі жылдан кейін кетіп, оның орнына Си Джей Рамон қосылған.

Осы кезеңде топ «Road to Ruin» (1978), «End of the Century» (1980), «Pleasant Dreams» (1981) сияқты альбомдар шығарды және белсенді турларға шықты.

1990—1996 1989 жылдан бастап соңғы тұрақты құрам — Джоуи Рамон, Джонни Рамон, Марки Рамон және Си Джей Рамон. 1996 жылы Lollapalooza фестивалі аясында турдан кейін Лос-Анджелесте соңғы концертін өткізіп, топ ресми түрде.

Топ тарағаннан кейін Топ тарағаннан кейін бірнеше жыл ішінде оның негізгі үш мүшесі қайтыс болды. Алдымен Джоуи Рамон лимфома ауруынан 2001 жылы 15 сәуірде қайтыс болды, кейін Ди Ди Рамон героиннің артық дозасынан 2002 жылы 5 маусымда, ал соңғысы Джонни Рамон 2004 жылы 15 қыркүйекте қатерлі ісіктен көз жұмды. Томми Рамон, топтың бастапқы құрамындағы соңғы қатысушы, Джонни Рамонның өліміне 10 жыл өткен соң, 2014 жылы өт жолдарының қатерлі ісігінен қайтыс болды.

2014 жылға қарай бастапқы төрт мүшесі қайтыс болды: Джоуи Рамон (1951–2001), Ди Ди Рамон (1951–2002), Джонни Рамон (1948–2004) және Томми Рамон (1949–2014).

Қақтығыстар Ramones тобының ішінде жиі Джоуи Рамон және Джонни Рамон арасындағы қақтығыстар туындаған. Джоуи солшыл саяси көзқараста болса, Джонни оңшыл консервативті көзқараста болып, кейде фашисттік эстетикаға қызығатын; Джоуи алкоголизмге шалдықса, әскери училищеде оқыған Джонни әскер тәртібімен өмір сүрген; соңында Джонни Джоуи-дің қызымен қатынас бастады да, кейін оған үйленді. Осы оқиғадан кейін топ әлі де бірнеше жыл бойы белсенді болғанымен, екі қатысушы арасындағы қарым-қатынас шиеленісті болып, сахнадан тыс араласпаған

Музыкалық стилі Ramones музыкасы қарапайым аккордтармен, жылдам темппен және қысқа композициялармен сипатталады. Ән мәтіндері көбіне жасөспірімдік өмір, әлеуметтік мәселелер және ирониялық тақырыптарды қамтыды.

Ықпалы мен мұрасы Топтың маңыздылығы жылдар бойы кеңінен мойындалған. 2004 жылы Rolling Stone журналының «Барлық уақыттағы 100 үздік орындаушы» тізімінде Ramones 26-орында, ал 2012 жылы VH1 арнасындағы «100 Greatest Artists of Hard Rock» нұсқасы бойынша 17-орында болды. 2002 жылы Spin журналы Ramones тобын The Beatles-тен кейін барлық уақыттағы екінші үздік топ деп бағалаған.

Ramones көптеген панк және альтернативті рок топтарына әсер етті, соның ішінде Green Day, The Offspring және Nirvana топтары бар.

2002 жылы топ Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді.

2003 жылы «We're a Happy Family: A Tribute to Ramones» атты трибьют-альбом жарық көрді, оған Роб Зомби, Эдди Веддер, Red Hot Chili Peppers, Kiss, U2, Metallica, The Pretenders, The Offspring, Green Day, Garbage, Rancid және тағы басқа көптеген орындаушылар қатысты.

Құрамы Бұрынғы мүшелері Джоуи Рамон (Джеффри Хайман) — вокал (1974–1996; қайтыс болды 2001) Джонни Рамон (Джон Каммингс) — гитара (1974–1996), бэк-вокал (1981; қайтыс болды 2004) Ди Ди Рамон (Дуглас Колвин) — бас, бэк-вокал және кейде негізгі вокал (1974–1989; қайтыс болды 2002) Томми Рамон (Томас Эрдэли) — барабандар (1974–1978), бэк-вокал (1976), продюсинг (1976–1978, 1984), қосымша гитара (1976–1978; қайтыс болды 2014) Марки Рамон (Марқ Белл) — барабандар (1978–1983, 1987–1996), бэк-вокал (1981) Ричи Рамон (Ричард Рейнхардт) — барабандар, бэк-вокал (1983–1987) Элвис Рамон (Клем Берк) — барабандар (1987; қайтыс болды 2025) Си Джей Рамон (Кристофер Джозеф Уорд) — бас, бэк-вокал және кейде негізгі вокал (1989–1996)

Уақыт кестесі

Дискография Студиялық альбомдар Ramones (1976) Leave Home (1977) Rocket to Russia (1977) Road to Ruin (1978) End of the Century (1980) Pleasant Dreams (1981) Subterranean Jungle (1983) Too Tough to Die (1984) Animal Boy (1986) Halfway to Sanity (1987) Brain Drain (1989) Mondo Bizarro (1992) Acid Eaters (1993) ¡Adios Amigos! (1995)

Дереккөздер

Санат:АҚШ рок топтары Санат:АҚШ панк-рок топтары Санат:АҚШ поп-панк топтары Санат:Нью-Йорк қаласының музыкалық топтары Санат:Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар Санат:Grammy Lifetime Achievement Award иегерлері Санат:Kerrang! Awards сыйлығының иегерлері Санат:Chrysalis Records орындаушылары Санат:Sire Records орындаушылары Санат:Philips Records орындаушылары Санат:1974 жылы құрылған музыкалық ұжымдар Санат:1996 жылы тараған музыкалық ұжымдар Санат:Музыкалық квартеттер