Кәдәбек () — Әзербайжанның Кәдәбек ауданының қаласы және әкімшілік орталығы. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Кәдәбек халқының саны 10 146 адамды құрады.
Географиялық сипаттамасы Кіші Кавказдың етегінде, Далляр теміржол станцсасынан 51 км жерде, Бакуден батысқа қарай 444 шақырым жерде орналасқан. Шілдеде температура +10 C мен +20 C аралығында, ал қаңтарда -2 C мен -10 C аралығында ауытқиды.
Тарихы Бұл аймақ XIX ғасырдың ортасында немістер негізін қалаған мвс кенішінен пайда болды. 1883 жылы Siemens компаниясы Калакенд мыс балқыту зауытын салды, ал 1879 жылы Кавказда алғашқы 28 шақырымдық теміржол, Гедабай-Калакенд теміржолы салынды. 1883 жылы Патшалық Ресейдің Калакенд ауылында алғашқы су электр станциясы салынды, ал мыс Калакенд мыс балқыту зауытында электролиз арқылы балқытылды. 1930 жылы ол аудан орталығына, 1990 жылы қалаға айналды.
Экономикасы және инфрақұрылымы Кәдәбекте тамақ өңдеу, ағаш өңдеу және құрылыс материалдары өнеркәсібі бар. Жақын жерде Anglo Asian Mining Company компаниясының алтын және мыс кеніші орналасқан.
Дереккөздер
Санат:Әзербайжан қалалары