«Будапештті алғаны үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 9 маусымдағы жарлығымен 1945 жылы Будапештті алуға қатысқан әскери қызметшілерді марапаттау үшін тағайындалған кеңестік медал. Медаль жобасының авторы — суретші А. И. Кузнецов.
Медаль туралы ереже «Будапештті алғаны үшін» медалімен 1944 жылғы 20 желтоқсан мен 1945 жылғы 15 ақпан аралығында Будапешт қаласын ерлікпен шабуылдап алуға тікелей қатысқан — Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ осы қаланы алу жөніндегі жауынгерлік операцияларды ұйымдастырушылар мен басшылар марапатталды.
«Будапештті алғаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылады және КСРО-ның басқа медальдары болған жағдайда «Жапонияны жеңгені үшін» медалінен кейін орналастырылады.
1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Будапештті алғаны үшін» медалімен шамамен 362 050 адам марапатталғанШуняков Д. В. Награды удостоены… Статистические данные по награждению советскими орденами и медалями в годы Второй мировой войны. // Военно-исторический журнал. — 2021. — № 5. — Б.48..
Медалдің сипаттамасы «Будапештті алғаны үшін» медалі жезден жасалған және диаметрі 32 мм болатын дұрыс дөңгелек пішінді.
Медалдің алдыңғы бетінде: ортасында «БУДАПЕШТТІ АЛҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу, жазудың үстіңгі жағында — бесбұрышты жұлдызша, ал төменгі жағында — екі айқастырылған лавр бұтақтарының үстінде бейнеленген орақ пен балға орналасқан.
Медальдің артқы бетінде Будапешттің алынған күні — «13 ақпан 1945» () деген жазу жазылған, күннің үстінде — бесбұрышты жұлдызша суреттелген.
Медальдағы барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы түрде жасалған. Медалдің алдыңғы және артқы беттері ернеумен жиектелген.
Медаль құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм болатын сарғылт түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында — ені 8 мм көгілдір жолақ бар.
Суреттеме
Мәдениетте Медаль «Жаулар менің үйімді өртеп жіберді» әнінде айтылған.
Әдебиет
Дереккөздер
Санат:КСРО медалдары