«Белградты азат еткені үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 9 маусымдағы Жарлығымен құрылған медаль. Медалдың жобасын — суретші А. И. Кузнецов жасаған.

Медаль жайлы ереже «Белградты азат еткені үшін» медалімен 1944 жылы 29 қыркүйек-22 қазан аралығында Белградты ерлікпен шабуылдап азат етуге тікелей қатысқан Қызыл әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметшілері, сондай-ақ осы қаланы азат ету жөніндегі жауынгерлік операцияларды ұйымдастырушылар мен басшылар марапатталады.

«Белградты азат еткені үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылады және КСРО-ның басқа медалдары болған жағдайда «Берлинді алғаны үшін» медалінен кейін орналасады.

«Белградты азат еткені үшін» медалімен шамамен 70 000 адам марапатталғанШуняков Д. В. Награды удостоены… Статистические данные по награждению советскими орденами и медалями в годы Второй мировой войны. // Военно-исторический журнал. — 2021. — № 5. — С.48..

Медальдың сипаттамасы «Белградты азат еткені үшін» медалы жезден дайындалып, диаметрі 32 мм дұрыс дөңгелек пішінді болады.

Медалдың алдыңғы бетінде шеңбер бойымен «АЗАТ ЕТКЕНІ ҮШІН» (), ортасында «БЕЛГРАДТЫ» () деген жазу жазылған, оның жоғарғы жағында бесбұрышты жұлдызша, ал шеңбер бойымен алқагүл орналасқан.

Медалдың алдыңғы беті ернеумен жиектелген.

Медалдың артқы бетінде Белградтың азат етілген күні — «20 қазан 1944» () деген жазу, ал күннің үстінде бесбұрышты жұлдызша орналасқан.

Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жасыл түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға бекітіледі. Таспаның ортасында ені 8 мм қара жолақ орналасқан.

Суреттеме

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары