Торым — Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы құдық, қоныс.

Атаудың сөзжасамдық сипаты Э.М.Мурзаев «Моңғол тілдерінде тором немесе тойрим – «тақыр», «өсімдік өспеген құрғақ сор» мағынасындағы сөз десе, М.Қашқаридың сөздігінде «торым деп түйенің ботасын атағандығы» айтылады. Ал көне түркі тілі сөздігінде турум – «өлшем бірлік, бір турум адамның бойына тең құдықтың тереңдігі» деп беріледі. Демек Торым атауы –«тақыр», «өсімдік өспеген құрғақ сор» деген атаудан гөрі, біздің ойымызша, «адам бойындай тереңдіктегі құдық» мәнін береді.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан құдықтары Санат:Маңғыстау ауданы географиясы